​Өз стиль талғамыңды табудың 5 әдісі

0
2 742

Талғам – бұл сән қуу емес.


​Өз стиль талғамыңды табудың 5 әдісі

фото: коллаж

«Пәленшенің талғамы жоқ» дегенді естіген боларсыз. Сіз туралы да сыртыңыздан солай айтпас үшін өз талғамыңыз болғаны дұрыс-ақ.

Талғамның түрі көп: тамаққа, иіс суға, әшекей таңдауда, жиһазға т.б. «Басқа-басқа киім киюде әр адамның өз талғамы болуы керек» дейді мамандар. Жоғары талғам кей адамда ғана туғаннан, қанға сіңген қасиет болады. Бірақ талғам стилін қалыптастыруға да болады екен.

Өз талғамыңызды қалыптастыру үшін мынандай 5 әдіс көмектеседі.



1-ӘДІС: Дене пішініңізге жарасу

Сән мен талғам стилін шатастырмаңыз. Сән бұл науқандық қана, ол белгілі дизайнерлердің әр масуымға арнап тіккен киімдері т.б. Ал талғам адамның ішкі әлемінің көрінісі, ол науқанға бөлінбейді. Сондықтан сән қусам – талғамымның жоғары екенін көрсетем деп қателеспеңіз.

Мысалы: сәнде – ұзын етекті кең көйлектер делік. Ал сіздің бойыңыз аласа әрі толықтаусыз. Сәндегі ұзын әрі кең көйлек жараса ма? Ал үлкен сөмке ше? Балағы кең шалбар, жеңі ұзын кофта ше?.. (Бойы аласа адамға көлемі кішкентай сөмке жарасады. Қолдың шынтаққа дейін ашық, ал шалбардың балтырға дейін қысқа болуы – адамды ұзартып көрсетеді)

Сәндегі көйлекті емес, өзіңізге жарасатын модельдегі киімдерді таңдаңыз. Егер ешқандай көйлек көңіліңізден шықпай жатса, классикалық модельді киіп көріңіз. Ол бойы ұзынға, қысқаға да, арық пен толық адамға да жарасады.

Бастысы, сіз киіміңізде өзіңізді сенімді әрі ыңғайлы сезінуіңіз керек. Сондықтан құрбыңызды емес, көңіл күйіңізді «тыңдаңыз». Кигенде көңіл күйіңіз көтерілуі керек. Қаншалықты қымбат, сәнді киім кигеніңізбен, егер көңіл күйіңіз болмаса, көйлегіңіздің құны да, сәні де жоғалады.



2-ӘДІС: Іздену, оқу

Талғам адамның жеке образын көрсетуде үлкен рөл ойнайды. Ол сауаттылықты қажет етеді. Сондықтан қай түстің қайсысымен үйлесетінін, маталардың түрлері туралы кітап, стилситердің ақыл-кеңестерін оқыңыз.

Мысалы, ақ пен қара түс барлық түспен жарасады. Сары мен жасыл, қызыл мен қара әдемі үйлеседі. Түстерді мезгілге, мінезіңізге қарай таңдау да, түстерді «ойната» білу де – сауаттылық.

Мысалы, көйлегіңіз қарапайым және қара түсті делік. Қара туфлиіңіз жоқ болса, қызыл аяқ киім киіп, ерніңіздің қызыл далаппен бояй салыңыз. Немесе қызыл түсті әдемі түйреуіш тақсаңызда сізді ерекшелей түседі. Я болмаса қызыл белдік те жарасады. Бірақ бұның бәрін тағып алу – талғамыңыздың жоқ екенін білдіреді. Мұндайда минимализм стилін таңдасаңыз қателеспейсіз.

Сонымен бірге қай жерге қандай түс киюді, түстермен, модельдермен кемшіліктерді жасыруды білу де – сауаттылық. Күнделікті жұмыс пен іскерлік кездесулерге, семинарларға «тыныш» әрі табиғи біркелкі түстегі киім киіңіз.

Бұл туралы интернетте кеңес, мәлімет көп. Әншілердің парақшасын парақтағанша, әлемдік стилистердің иснтаграмындағы тегін кеңестерді оқыңыз.


3-ӘДІС: Интеллекті арттыру

Әлемдегі белгілі стилистер «Интелктіңізді жоғарылатыңыз, сонда өз талғамыңызды қалыптастыру оңай болады» дейді. Стилистердің сөзінше, ақымақ адам өзіне жарасатын киімді таңдай алмайды. Сондықтан ақылды арттыру керек дейді.

Ақылдан – идея, фантазия туады. Осы екеуінен адам өзіне, табиғатына, мінез болмысы мен сыртқы тұлғасына сай киімді үйлестіріп кие алады.



4-ӘДІС: Сенімділік пен өз бағаңды жоғарылату

Өз талғамыңды қалыптастырудың жылдам жолы – өз-өзіңді бағалауды үйрену. Яғни өзіңді бағалауды (самооценка) жоғарылату екен. Өзіне сенімді, еңсесін көтеріп аяқтарын нық басып жүретін адам қандай киім кисе де жараса кетеді дейді психологтар. Өзін-өзі жоғары бағалайтын адамдардың жүріс-тұрысы, сөйлеуі, әр қимылы – сенімді. Ал бұл екеуі – өзін-өзі сүюмен келеді.



5-ӘДІС: Өзіңізді тану

Гардеробыңыздағы қай киім сізге қатты ұнайды? Немесе таныс-біліс адамдарыңыздың қай киімі ұнап жүр? Несімен (түсі, түс үйлесімділігі, материалы, силуэеті, стилі т.б.) сізді қызықтырады?

Бұл сұрақтарға жауап өзіңізді тануға стиліңізді қалыптастыруға жәрдемдеседі. Шоппинг жасағанда осы жауаптарыңызды ескеріңіз. Сонымен қатар, өзіңізді тану үшін, не жарасатынын анықтау үшін әр түрлі образды сынап көруден қорықпаңыз, ұялмаңыз. Эксперимент жасап көрмесеңіз, сіз ешқашан өз талғамыңызды қалыптастыра алмайсыз.

Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


БАҚЫТТЫ ӨМІР сүрудің қарапайым 6 ЕРЕЖЕСІ


Күйеуді МЫНА 6 ЖАҒДАЙҒА қарап таңдаған дұрыс