Луиза Хей қатерлі ісік ауруын дәрісіз емдеген әйел. Оның әдісі бойынша пневмонияны емдеп көріңіз. Қиын емес!
«Мен емші емеспін, ешкімді емдей де алмаймын. Тек əркім өзін-өзі емдей алатынын білсе екен деймін. Әркімнің емшісі – өзінің ішінде» дейді белгілі психолог Луиза Хей «Өз тәніңді өз махаббатыңмен емде» деп аталатын кітабында.
Луиза Хей 30-дан астам психологиялық кітаптың авторы. Барлық кітабында әр адамның ішінде ғаламат күш бар екенін, сол күш арқылы тәнін де, өмірін де «емдеуге» болатынын жазады.
ОЛ ҚАНДАЙ КҮШ?
Ол – сүйіспеншілік сезімі, махаббат күші. Оны дәріханалардан іздеудің қажеті жоқ, ол өз ішіңізде.
Л.Хей «Кез келген проблеманы шешу кілті – адамның өзіне өзінің махаббаты. Адам әр күні өзін жақсы көріп, күн сайын өзіне деген сүйіспеншілігін арттырып отырса, оның өмірі де, денсаулығы да жақсара береді» дейді.
Ол психологиялық кітаптарында өзін-өзі жақсы көруді арттыратын көптеген әдіс-тәсіл ұсынады. Соның ішінде ең қарапайым түрі – аффирмация айту. Ал аффирмацияның не екенін бүгінде барлық оқырман білсе керек. Қысқа да нұсқа айтар болсақ, аффирмация – сөз күші. Сөз күші арқылы ойыңызды, ойыңызбен сеніміңізді, өзіңізге деген сүйіспеншілігіңізді арттыра аласыз.ӘР АУРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕБІ БОЛАДЫ
(Кітаптың толық нұсқасын мына жерден жүктей аласыз)
Луиза Хей тəн ауруының психологиялық, метафизикалық себептерін анықтап, соған сәйкес арнайы сауықтыратын аффирмациялар ойлап тапқан бірден-бір психолог.
Түсінікті болу үшін, мысал келтірейік. Ол «Өз өміріңді өзің емде» деп аталатын кітабында былай деп жазады:
«Метафизикалық себептілік» деген термин – біздің нақты жағдайымызды туғызатын сөздер мен ойлардың күшін анықтайды. Мен осы жаңа біліммен кезіккенімде тәнімдегі ауруларымды өзім «шақырғанымды» ұқтым. Мысалы, менің желке тұсымдағы бұлшықеттердің қатып қалуының метафизикалық себебі – кез келген мəселеге қараудағы жұмсақтықтың жоқтығы және біржақты көзқарас. Ал мен, жұмсақ бола алмаппын, даулы мəселеге менің қарсыласымның көзімен қарауға қорқады екенмін. Өзгелердің пікіріне махаббатпен жəне түсіністікпен қарауды, мәселеге жан-жақты қарауды үйренгеннен соң мойнымның ауырғаны да өздігінен емделді».
Ал бүгінде қаншама адамның өмірін жалмап жатқан жұқпалы вирустың, өкпе қабынуының метафизикалық, психологиялық себебі не екен? Бұл туралы психолог Л.Хей не дейді?
ӨКПЕ ҚАБЫНУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕБІ НЕ?
Көбейту кестесі, Д.Менделеевтің кестесі секілді «Дерттердің кестесі» де бар. Оны есімі алты құрлыққа белгілі психолог Луиза Хей құрастырған.
Л.Хей кестеде алфавит бойынша барлықдерлік дерттің психологиялық себебін келтірген және сауығу үшін айтылатын аффирмацияларды қасына қоса жазған. «Дерттердің кестесін» интернеттен оңай таба аласыз. Ал біз індет кезінде өршіп тұрған ауруларды ғана кестеден кесіп алып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Дерт | Мүмкін болған психологиялық себебі | Аффирмация |
ӨКПЕ ҚАБЫНУЫ | Өмірдің қиындықтарынан шаршау. Қамығу. Уайым. Эмоциялық жарақаттар. Ұзақ уақыттан бері жазылмаған жан жаралары. Өзін табысты әрі бақытты өмір сүруге лайықсыз санау | Мен еркін тыныстаймын. Мен бірқалыпты тыныстаймын. Мен бақытты, табысты өмірге лайықтымын. Мен өмірді сүйемін. Менің өмірім сүйіспеншілікке толы. |
ЖӨТЕЛ | Көмек күту. Ішкі өксік. Жылы сөзге зәрулік | Мен өзімді жұбата аламын. Мен өзімді сүйемін. Мен өзіме өзім көмектесемін. |
ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ | Ашу. Қоғамға, айналадағы адамдарға, туған-туысқа ренжу. Қапа болу. Ыза. Кек | Мен айналаммен
бейбіт өмір сүремін. Мен өміріммен, өз-өзіммен бейбіт қарым-қатынастамын. Менің
жаным мен тәнім үйлесімділік тапқан. |
Кестедегі аффирмацияларды күніне бірнеше рет дауыстап қайталаңыз.
Өкпенің жұмысын жақсарту үшін, аурудан сауықтыру үшін мына аффирмацияны да күнде айтыңыз.
ӨКПЕНІ САУЫҚТЫРАТЫН АФФИРМАЦИЯ
Маған менің өкпем ұнайды. Мен өкпемді, тәнімді жақсы көремін. Мен еркін, кеудемді толтырып тыныс аламын. Мен үшін қоршаған орта қауіпсіз. Маған еркін тыныс алуға мүмкіндік берген ғаламат Күшке сенемін және алғыс айтамын. Мендегі өмірлік күштің қоры мен қанша өмір сүргім келсе соған жетеді. Менің өкпем жақсы жұмыс істеп жатыр. Тынымсыз қызмет етіп жатқан өкпеме алғыс айтамын. Күнде жұтып жатқан ауаға алғыс айтамын. Ауа ішіме кіргенде жəне шыққанда үндестікте. Мен өмірді сүйемін!
Қысқа да нұсқа: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қай жеріңіз ауырады, сол мүшеңізге сүйіспеншілігіңізді бағыттаңыз, алғыс айтыңыз. Психологтардың зертетуінше, денеміздегі әрбір жасуша біздің әрбір ойымыз бен сөзімізге сай әрекет жасайды екен.
Жылы сөзден, сүйіспеншілікке толы сөзден артық дәрі жоқ. Ал өзіңізге, өмірге махаббатыңызды жеткізуде аффирмациялар көмектеседі. Аффирмация айтуды дәл қазір бастаңыз. Комментарийге аффирмация жазып қалдырыңыз.
(суреттер ашықдереккөздерден алынды)
Дайындаған: Ж. СМАҒҰЛОВА
Тағы да оқыңыз:
ҚОРҚЫНЫШТЫ жеңген адам ІНДЕТТІ де жеңеді
Өзіңізді де БАЛАДАЙ еркелеткенде ТАБЫСТЫ әрі БАҚЫТТЫ боласыз