​Психолог, терапевт: «Шеге үстінде тұру 500 ауруға ем, ақша потогын да ашады»

0
5 511

Психолог, Садху терапевт – Жанар Қайратқызымен сұхбат


​Психолог, терапевт: «Шеге үстінде тұру 500 ауруға ем, ақша потогын да ашады»

Әр уақыттың өз тренді болатыны анық. Бүгінде көптің назарында – шегеде тұру терапиясы. Соңғы 2 жылда бұл ең танымал терапияның біріне айналды.

Оны біреу «Садху терапиясы», біреу «Шеге йогасы» деп атап жүр. Бұл терапияның ерекшелігі неде? Денсаулыққа пайдасы қандай? Психологиялық тұрғыда қандай мәселелерді шешуге көмектеседі? Шегеге тұрып арықтауға бола ма?


Көптің көкейіндегі осы секілді сауалдарды «Садху тақтасына тұрғызу» практикасының сертификатталған терапевт маманы, психолог Рүстемова Жанар Қайратқызына қойдық.


Жанар Қайратқызы, оқырманды сіз жүргізіп жүрген тренд терапиямен таныстырмас бұрын, бұл салаға келу тарихыңызбен таныссақ...

– Жоғары сыныпта оқып жүрген оқушы «Кім болам?» деп ойланады. Мені осы сұрақ мазалағанда, адамдармен жұмыс істеу, жақсылықтың дәнін себу, қоғамға пайдамды тигізу жаныма өте жақын екенін түсіндім. Сондықтан да жаныммен, мінез қасиеттеріммен үйлесетін «Педагогика және психология» мамандығын таңдағанмын.

Заман талабына сай маман жан-жақты ілім алып, мамандығына жақын салаларды оқып, білім-біліктілігін арттырып отырмаса болмайды. Өте қызықты әрі көп ізденісті қажет ететін психология ғылымының тармақтарын оқу, адамды түсіну, жанын емдеу жұмыстарындағы 10 жылдық ізденіс пен тәжірибем мені Садху терапевт болуға алып келді.

Әрине, өзім де шеге үстінде тұру терапиясынан өттім. Жұлдыз Қайпжанның авторлық методикасына сай «Садху терапиясы» оқыту курсын сәтті аяқтадым. Адамның денсаулығына, өміріне, ой-санасының трансформациясына терапевтік әсері мол екеніне көзім жеткен соң осы істі қолға алдым.


Кімнен, қайдан үйрендіңіз? «Шегеде тұру» йогасымен айналысып жүргеніңізге қанша уақыт болды?

– Мен «Садху терапиясы» мамандығын ең бірінші қазақша йоганың негізін қалаушы, халықаралық йога мұғалімі, 7 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман Жұлдыз Қайпжан ұстазымнан үйрендім.

Жұлдыз Қайпжан Қазақстандағы жалғыз «Садху терапиясын» оқытуға құқығы бар ұстаз. Осы уақытқа дейін 800-ден астам адамға ғылыми анализ жүргізіп, өзінің авторлық методикасын жасап шықты. Қазіргі таңда танымал тұлғалардың, бизнесмендердің рухани коучы. Міне осындай шет елдерде білім алған Жұлдыз Қайпжанның «iSoul Yoga» студиясында оқып сертификат алдым. Қазір оның Шымкенттегі сенімді әрі ресми серіктесімін.

Шымкентте «Садху терапиясын» жүргізіп жүргеніме небәрі 3 айдан асты. Осы аз ғана уақыт ішінде 300-ге жуық жанды шеге тақтайшасына тұрғызып, тәнін, жанын емдеуге көмектестім.

Жалпы, бұл қазіргі заманның жаңа терапиясы ма, әлде?

– Жаңа терапия емес, қазіргі уақыттағы ең танымал терапия деген дұрыс болар. Садху тақтасы Ежелгі Үндістанда ойлап табылған. Шегеде тұру туралы Ежелгі Үндістанның «Махабхарата» эпос жырларында айтылған екен. Ұстазымның деректеріне сүйенсек, 5000 жыл бұрын емдік мақсатта ойлап табылған.


«Садху» тақтайшасы ауруды қалай «емдейді»?

–Тақта табиғи екі элементтен жасалған: ағаш және темір. Осы екі-ақ элементтен жасалған тақтаға екі аяқпен тепе-теңдікте тұрған сәтте табандағы 70 мыңнан астам жүйке ұшына массаж жасалып, соның нәтижесінде адам бойындағы 500-ден астам ауруға ем таба алады. Дәрісіз. Иә, жай ғана табандағы жүйке нүктелері арқылы ем жүргізіледі.

Ең алдымен қан айналымы, зат алмасу, жүйке жүйесі секілді адамдағы 11 жүйе өз қалпына келеді. Мен өткізіп жүрген Жұлдыз Қайпжанның авторлық методикасы жай ғана шегеде тұру практикасы емес, ол сана мен жанға да терең әсер ету арқылы психиканы қалпына келтіреді, эмоцияны басқаруға, энергетикалық блоктарды жоюға өте керемет көмектеседі. Бұны тарқатып түсіндіру том-том энциклопедия болар. Ал қысқаша айтар болсам, Садху терапиясынан соң:

  • адамның саналылығы оянады;
  • қорқыныштар жойылады;
  • сергек болады;
  • мидың адамға тән функциясы артады;
  • есте сақтау қабілеті жақсарады;
  • ұйқы режимі реттеледі;
  • күйзелістен шығарады;
  • комплекстерден арылтады;
  • адамның өзіне деген сенімділігі күшейеді;
  • ішкі жанмен байланыс орнайды;
  • ойлау қабілеті кеңейеді;
  • мидағы шектеулерден құтылады;
  • ақша потогы ашылады...

Айта берсем, пайдасы өте көп. Өйткені терапия үш деңгейде (дене, жан, сана) жүреді. Ал бұл үш деңгей бір-бірімен тығыз байланысып жатыр.


Ақша потогын ашады дедіңіз ғой. Оқырманға түсінікті болу үшін осы орайда пациенттеріңіздің өмірінен бір-екі мысал келтіре аласыз ба?

– Ақша потогы дегеніміз адамдағы энергетикалық каналдың блокқа түсуімен байланысты. Адамдағы шықпай қалған эмоциялар соның ішінде өкпе-реніш адамның ақша потогын жабады. Садху терапиясында осы потокты өз әдісімізге сай ашамыз.

Жанар есімді бір келіншек бір терапиядан соң мемлекеттік бағдарлама бойынша үй кезегіне тұруға ұсыныс жіберді, 3-4 күнде жауап келді. Шымкенттен үш бөлмелі пәтер алып жатыр, маусым айында кілтін қолына алады. Шегеге тұру арқылы ол мидағы шектеулерінен де құтылды, балалар үйірмесін ашып жатыр.

Тағы бір келіншектің 700 000 теңгесі әркімде қарызда жүрген. Терапиядан соң қарыздарын қайтарып алды. Аллаға шүкір, бұндай нәтиже өте көп.


Ал Садху терапиясымен арықтауға бола ма? Жүкті болуға ше, көмектесе ме? Бұл екеуі де әйелдердің негізгі проблемасы.

– Адам бойында энергетикалық каналдар болады. Сол энергетикалық каналдар адамның өмір сүру стиліне, потенциалына, табиғатына қарай ашушаңдық, агрессия, ренжу, жеккөру, үрей сияқты түрлі эмоциялардың әсерінен блоктармен бітеледі. Стресс, депрессия, энергияның аздығы да энергетикалық каналдардың жабылуына себепші болады. Осы блоктар Садху тақтасына тұрғаннан соң тазарады, ашылады. Осының нәтижесінде қорқыныш пен өкпе-реніш жойылады, бала кездегі жан жарақаттары жазылады, ұзақ жылдар бойы жиналған негативті эмоциялар сыртқа шығады. Егер семіздіктің, жүкті бола алмаудың себебі сол бала кездегі жан жарақатында немесе қорқынышында, я болмаса негативті эмоцияларда жатса, әрине энергетикалық блоктар тазарған соң арықтауы да, жүкті болуы да әбден мүмкін. Менің терапиямнан соң жүкті болған жан бар.


Шегеге кез келген адам тұруына бола ма? Мысалы, кішкентай балаларға, зейнет жасындағыларға рұқсат етіле ме? Кімдерге шегеге тұруға болмайды?

– Садху тақтасына 8 жастан асқан балалардан бастап барлық адам тұруға болады. Тек денсаулығында мынандай кінәраты болмауы керек: эпилепсия, жоғары қан қысымы, онкологиялық аурулар, инсульт. Сонымен қатар, табанында қандайда бір жарақаты, жарасы болса, дене қызуы жоғары кезде мүлде болмайды. Жүкті әйелдерге де тыйым салынады.

Жалпы, маманның қадағалауынсыз Садху тақтасына тұруға болмайды. Әр дәріні ішудің өзіндік нұсқаулығы болатыны сияқты, шегеге тұрудың да өз ережелері бар. Маман әр пациентпен жеке жұмыс жүргізеді, денсаулығының тарихын сұрап, жай-күйімен танысады. Садху тақтасына тұрудың техникасын үйретеді, қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Содан соң ғана пациент маманның көмегімен шеге тізілген тақтайша үстіне шығады.


Жанар ханым, ісіңізге береке тілейміз. Ал оқырман, сіз әлі шегеге тұрып көрмесеңіз, Садху терапиясы жөнінде толық ақпарат алғыңыз келсе, isoul.sadhu.shymkent инстаграм парақшасына, 87476711931 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.

Сұқбаттасқан: Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Арманыңызды «орындайтын» СУПЕР техника

Күткеніңіз БОЛМАЙ ҚАЛДЫ, не ІСТЕУ КЕРЕК?