РЕНІШТІ жылдам ұмытыңыз, әйтпесе...қатерлі дертке шалдықтыруы мүмкін

0
11 704

Не нәрсе де ұзақ сақталса, не ашиды, сасиды, не іриді, шіриді... Реніш те дәл сондай. Одан ертерек құтылыңыз!


РЕНІШТІ жылдам ұмытыңыз, әйтпесе...қатерлі дертке шалдықтыруы мүмкін

Ренжімейтін адам жоқ шығар?! Адамға ғана емес-ау, өмірге, орын алған жағдайға да, тіпті ауа райына да ренжіп жатамыз. Реніштің кейбірін уақыт өте келе ұмытсақ, кейбіреуін ұзақ уақыт көңілімізде сақтап жүреміз.

Психолог мамандар реніштің түрлі кеселдерге себеп болатынын анықтап отыр. Әсіресе, жылдар бойы ұмытылмаған реніштің қаупін ескертеді. Егер біз ренішті өзімізден жібермей, сезімдерімізбен орай берсек, онда ол денеде ісік түрінде көрініс береді екен. Арада уақыт өткен сайын ол асқынып, қатерлі ісікке айналып кетуі әбден мүмкін.


Міне, реніштің қауіптілігі осында! Иә, қатерлі ісік – бұл қордаланған реніш екеніне мамандар көз жеткізді. Бұған есімі көпке белгілі Луиза Хейдің өмірін мысал етуге болады. Ол ағзасынан қатерлі ісік табылғанда, оның пайда болу себебін іздеуге, ғылыми тұрғыда зерттеуге ұзақ жылын сарп еткен. Нәтижесінде ол қатерлі ісік (рак) ауруының метафизикалық себебіне үңіліп, өзіндегі дерттің бала кезден қордаланып жиналған реніш екенін анықтайды.

Бұл туралы Луиза Хей өзінің барлық кітаптарында айтады. «Исцели себя сам» деген кітабында (қазақшаға Мырзагелді Кемел аударған) Луиза қатерлі ісік ауруына «Рак (қатерлі ісік) – ескі реніш, жек көру сезімінің сақталып қалуы» деп түсінік береді. «...Біз ашуды жұтуға әдеттенгенбіз. Біз өзіміздің сәтсіздіктеріміз бен бір істі көңіліміздегідей етіп орындай алмағанымыз үшін өзімізді айыптаймыз. Өзгені жазғырамыз. Бұл дұрыс емес. Уақыты келгенде реніш адам ағзасын жалмай бастайды. Сондықтан реніш сезімдерін өз уақытында еркіндікке босатып қоя берген жөн» дейді өзіндегі қатерлі ісік ауруын дәрісіз емдей білген Луиза Хей.

Ренжиміз, ренжітеміз. Бұл ешқашан айнымайтын заңдылық. Бірақ, ренжу, өкпелеу – тек сол адамның өзіне ғана зиянды. Сондықтан, өміріңізге де, денсаулығыңызға зардабын тигізетін реніштен жылдам құтылуға асыққаныңыз дұрыс. Қалай?


Реніштен құтылуды дұрыс жолы

Реніштен құтылудың ең нәтижелі әдісін бұл тұрғыда тәжірибесі мол Луиза Хейден үйренгеніміз жөн болар?! Ол не дейді?

«Мен: «Сіздікі дұрыс болғанын қалайсыз ба, жоқ бақытты болғанды жөн көресіз бе?» деп көп сұраймын. Біздің әрбіріміздің кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені жайлы өз пікіріміз бар. Біз басқаларды сол бізге жасаған «жамандығы» үшін жазалағымыз келеді де, есімізден кетпей қояды, сөйтіп ол сіз үшін жазаның бір түріне айналады.

Өткен шақта біреу ренжітті деп, өзіңді-өзің жазалау – ақымақтық. Өткеннен құтылып тұру керек, ол үшін оны кешіру шарт.


1-әдіс: Кешіру

Кешіру дегеніміз – қоштасу. Ыза және реніш сезімімен, ауырсынумен қоштасу. Жағдаймен тұтастай қоштасу. Қоштаспайды екенсіз, ол сіздің ішіңізде бұғып жатып сізді іріте бастайды.

Кешірмеу сізді ренжіткен адамға ештеңе де жасай алмайды, ал сізді мүжиді. Былай деңіз: «Мен өткенімнен құтылғым келеді. Мен маған зиян жасағандармен қатар зиян жасамағандарды да, және біреуді ренжітіп алған болсам өзімді де кешіремін».


Реніштерді ұмыту үшін, одан уақытылы құтылып отыру үшін, күнде түнде ұйқыға жатарда «Мені ренжіткен және мен ренжітіп алған адамдардың бәрінен кешірім сұраймын. Мен де оларды кешірдім» деп үш рет дауыстап қайталаңыз. Осыны күнделікті тіс жуатыныңыз секілді күн тәртібіне енгізіңіз.


Құранда да кешірім сұрау туралы айтылатын аят көп. Дін қызметкерлері де «Жолың болмай жатса, жұмысың алға баспай жатса, балалы бола алмай жүрсең... Алладан күнәларымды кешіре гөр деп кешірім сұра» дейді. Тіпті, қылмыс жасап, үстінен арыз жазылып, сот алдынан бір-ақ шыққан адамның тағдыры үшін жәбірленушінің кешірім беруі үлкен рөл ойнайды. Сондай-ақ, сот процесі кезінде «Жәбірленушіден кешірім сұраймын. Жасаған ісім үшін қатты өкінемін. Енді қайталамаймын» деген бір ауыз сөзі сотталушының жазасын жеңілдетеді.

Міне, кешірім сұраудың адам өміріндегі пайдасы осындай! Реніштен құтылу үшін де кешірім сұрау, кешіру өміріңізді қиындықтардан, ағзаңызды аурудан азат етеді.


2-әдіс: Ренжіткен адамға жақсылық тілеу

Ренжіткен адамды кешіру немесе ренжіткен досыңыздан кешірім сұрау қолыңыздан келмей жатса, онда «жақсылық тілеу» әдісін қолданып көріңіз. Бұл жөнінде Луиза Хей былай дейді:

«Сізге бір кезде қиындық туғызған біреуді ұмыта алмай жүрсеңіз оған махаббатыңызды жолдап бата беріңіз де, өзіңізден босатыңыз және ол туралы ойлауды тоқтатыңыз. Сіз өзіңізді алданып қалғандай немесе тоналғандай сезінбеңіз, сізде болуы тиіс нәрседен сіз ешуақытта ажырап кетпейсіз. Егер ол сіздікі болса, басқа бір жолмен болса да қайтып оралады. Егер бір нәрсені қайтарып ала алмасаңыз, онда солай болуы тиіс болғаны. Оны болған оқиға ретінде қабылдаңыз да, өміріңізді жалғастыра беріңіз».

Ренжіткен адамға күнде жақсылық тілеңіз. Егер ол үйсіз болса, оған баспаналы болуды тілеңіз. Отбасы құра алмай жүрсе, жақсы жар тілеп бата қылыңыз. Жақсы тілек тілеу арқылы көңіліңіздегі жиналған реніш мұзы біртіндеп еріп, жоғалады.


Расында да, кейде медицинаның дәрмені жетпеген дерт ұзақ уақыт ұмыта алмай жүрген реніштен құтылғанда, өздігінен жазылады. Бұған көптеген мысал мен дәлел келтіруге болады. Тіпті десеңіз, артық салмақ та өкпе-реніштің көрінісі екен. Бала кезден жиналған реніштерді Луиза Хейдің екі әдісі бойынша жойыңызшы, диетасыз-ақ салмағыңыздың кемігеніне куә боласыз.


Айтыңызшы, оқырман, сізді қандай дерт мазалайды? Дертіңізден құтылғыңыз келе ме? Онда ренішіңізді жойыңыз.

Кімнің ренішін ұмыта алмай жүрсіз? Кім, қашан ренжітіп еді? Есіңізге түсіре алмасаңыз, келесі аптада «психология» айдарында сіз үшін реніштің суретін салу арқылы оны табу және жою техникасын жариялайтын боламыз. Күтіңіз!

(суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


СЕМІЗ және ОТБАСЫ ЖОҚ адамдардың мұндай КЕҢЕСІН тыңдауға болмайды


Досыңызды ешқашан ренжітпеу үшін 4 ЕРЕЖЕНІ есте ұстаңыз!