Суретке тағы не САЛАР едіңіз? (психологиялық тест)

0
10 127

Суретке қосымша не салғаныңызға қарап, психологтар сіздің мақсатыңызға қалай жылдам жетудің жолын көрсетеді.


Суретке тағы не САЛАР едіңіз? (психологиялық тест)

Суретте теңіз астындағы көрініс. Балық, бос сандық, тас, өсімдік салынған. Сіз суретке тағы не қосып, мазмұнын немен толықтырар едіңіз?


Сурет салу міндетті емес, ойша елестетіп қиял қаламын пайдалануыңызға болады. Сонымен сіз суретке қосымша қайсысын қосасыз?


Мыналардың біреуін таңдаңыз:

  1. Балықтар (немесе басқа су асты жануарлары)
  2. Тастар (құм)
  3. Өсімдік
  4. Бос сандыққа алтындар (ақша, асыл заттар)
  5. Қайық (кеме, қайықтағы адам)
  6. Су астындағы адам (немесе адам қаңқасы)



БАЛЫҚТАР

Сіз сурет мазмұнын балықтармен толықтыру қажет деп ойлайсыз ба? Немесе су астында тіршілік ететін жануарлардың бірін – сегізаяқ, дельфин, жылан, тасбақа, акула т.б. салсаңыз, онда мақсатыңыздың өзге адамдармен байланысты екенін білдіреді. Нақтырақ айтқанда, мақсатыңызға жету үшін екінші бір адамнан да әрекет қажет.

Мысалы, сіздің басты мақсатыңыз отбасы құру шығар, мүмкін достармен бірге кәсіп ашу, я болмаса бауырларыңыздың бірінің мәселесін біржолата шешу, перзентіңізді жоғары оқу орнына түсіру т.б.

Ол адамнан келісім, мақұлдау немесе қолдап қуаттау болса, көзқарастарыңыз бір арнада тоғысса, жоспардағы мақсатыңызға жылдам жете аласыз.



ӨСІМДІК

Су астындағы пейзаж тақырыбын аша түсу үшін сіз жасыл түсті өсімдіктерді салғыңыз келсе, мақсатыңыз рухани өсуге, руханиятты дамытуға немесе осы салаға байланысты болғаны.

Бұл – өзіңіздің рухани тұлғалық дамуыңыз болуы мүмкін, жаңа бір нәрсені үйрену, білімді жетілдіру болуы да мүмкін.

Жаныңыздың не қалайтынын білсеңіз, айналаңыздағы адамдардың емес, өзіңіздің не ұнататыңызды, қайда, қалай, кіммен өмір сүргіңіз келетінін анықтап алсаңыз, өмір жолындағы барлық кедергілер жылдам алынады. Сонда мақсатыңызға апарар жолды анық көре аласыз.



ТАСТАР

Егер сіз теңіз түбін тастармен әспеттесеңіз, мақсатыңыз материалдық бағытқа құрылған. Баспана алу немесе салу, я болмаса көлік, басқа да осы секілді материалдық құндылықтарды көздеп, соған жетуге тырысудасыз.

Жылдам жеткіңіз келсе – бір жылға нақты жоспар құрып, оны әр айға бөліп, мерзімін белгілеңіз. Сонымен бірге әр күніңізді жоспарлап үйреніңіз және істі ертеңге қалдырмаңыз.



ҚАЙЫҚ, КЕМЕ

Суретке қосымша кеме немесе қайық салсаңыз, арман-мақсатыңыз саяхатпен байланысты дейді психологтар. Шетелге саяхаттау немесе басқа қалаға (ауылға) көшу.

Мақсатыңызға жылдам жету үшін, жүрегіңізідң түбінде жатқан армандарыңыздың шекарасын алып тастаңыз. Санаңызға өзіңіз орнатып алған «Қайдағы», «Ол орындалмайтын арман ғана ғой», «Менің жасымда мүмкін емес», «Тек бай адамдар ғана шетелге саяхаттай алады», «Ауылда тудым, ауылда өлем, қалада тұру жазылмаған» деген секілді ойларыңызды өзгертіңіз.


АЛТЫН


Сандықты алтындармен немесе гауһар, маржан әшекейлерімен, ірі ақшалармен толтырдыңыз ба? Бұл мақсатыңыздың байлыққа, дәулетті өмірге құрылғанын білдіреді.

Егер ақшаның суретін салуды қаласаңыз – ең бірінші қарыздардан құтылып, несиелерді жауып, қарыздана беруді тоқтату қажет. Ақшаны үнемдеп жұмсауды үйренгенде сізге мол байлық есік ашады.

Егер сандықты алтындармен толтырсаңыз, бақуатты өмірді қалағаныңызбен өзіңізге нақты қанша ақша, не қажет екенін білмейсіз. Нақтылаңыз.

Егер сандыққа асыл тасты әшекей бұйымдарын салсаңыз, сіз дәулетті өмір сүрудің жоспарын жасап қойғансыз, енді тек әрекет ету керек. Жалқаулықтан құтылыңыз.



АДАМ, АДАМ ҚАҢҚАСЫ

Егер адамның суретін салсаңыз, я болмаса адам қаңқасымен пейзаж мазмұнын байытқыңыз келсе, сізге психологияңызбен жұмыс істеу керек. Ойыңызды реніштерден азат етіңіз.

Әркімнің шкафында өз «скелеті» бар. Ешкімге айта алмайтын мәселеңізді, мұңыңызды, сырыңызды қағазға түсіріңіз. Жазыңыз да өртеңіз. Ренішіңіздің суретін салыңыз да өртеңіз. Басты мақсатыңызға жету үшін басыңызды тазалап алыңыз.


Жақын адамдарыңыздың мақсатына жылдам жетуіне себепші болғыңыз келе ме? Онда осы психологиялық тесті бөлісіңіз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы.

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Үй ішінде ОТЫР ма, сыртында ма? (психологиялық тест)


«АРМАНДАР КАРТАСЫ» неге арманыңызды орындамай жатыр?й жатыр?