Қызықты психологиялық тест
Әр сурет элементінің астарында сіздің психологиялық мінезіңіз жасырулы. Соған орай психологтар тамыз айына кеңес береді.
Білгіңіз келсе, мынау суретке екі секундтай көз тоқтатыңыз да, ең бірінші қай бейнені көргеніңізді жазыңыз.
- Қыздың бет жүзі
- Ерін
- Дельфин, дельфиндер
- Теңіз пейзажы
ҚЫЗДЫҢ БЕТ ӘЛПЕТІ
Өзіңізге, өмірлік тәжірибеңізге сенімді адамсыз. Өміріңізді жоспарлап, алдыңызға нақты мақсат қоя аласыз. Сондай-ақ көздеген жағалауға қарай жетелейтін ерекше қуат та бар бойыңызда. Сәттілік әрқашан сізбен бірге екенін де айта кеткен жөн.
Арманыңыздың жолында сізді тоқтату қиын. Кез келген іске барлық нәрсені ұмытып, жан-тәніңізбен кіріп кететін жансыз. Дегенмен бұл мінезбен жеткен жетістігіңіздің бағасын білмей, қанағатсыздықтан өмірдің дәмін сезбей өтіп кетуіңіз мүмкін. Сондықтан сізге ең алдымен өмірлік миссиясыңызды тауып, өмірдің мағынасы неде екенін түсініп алу қажет-ақ.
КЕҢЕС: Әр оқиғадан, жағдайдан «бұл не үшін?» деген сұраққа жауап іздеуден гөрі қолға алған істің сізге қажеті бар ма, соны ойлағаныңыз абзалырақ. Қуатты «зарядтап» отыруды естен шығармаңыз. Өйткені әлсіздік, зорығу стреске алып барады. Тамыз айында дамылдаңыз, демалу, ем алу қажет.
ЕРІН
«Махаббат әлемді құтқарады» деген ұранмен өмір сүретіндер суреттегі ерінді бірінші көреді. Сіз үшін сүю және сүйікті болудан асқан бақыт та, одан артық мақсат та жоқ. Өмірдің барлық құндылықтарын да осы бір тәтті сезіммен байланыстырасыз.
Сізді батыл әрекеттерге итермелейтін сүйіспеншілік сезімі. Бірақ ең осал тұсыңыз да махаббатта жатқанын ұмытпаңыз. Сондықтан да сезіміңіздің есігін ашық қалдыра бермеңіз, сақ болыңыз. Өйткені сезіміңіз арқылы пайдакүнемдікке баратындар да бар.
КЕҢЕС: Cезімдеріңізді сүзгіден өткізіңіз. Екі-үш адамды қатарынан бірдей шын сүю мүмкін емес. Дәл сол сияқты достың да көптігіне сенбеңіз. Шын жанашыр дос аз болады. Олай болса, өзгеге уақытты азайтып, ал өз өміріңізге арнайтын уақытты көбейтіңіз. Сондай-ақ мейір-махаббатыңызды да ең алдымен өзіңізге бөліңіз.
ДЕЛЬФИН
Бойы өссе де ойы өспей қалған, яғни тұлға ретінде әлі де есеюді, жетілуді қажет ететін адамдар бірінші дельфинді көреді дейді психологтар. Бұндай адамдар өзінің қажеттіліктері мен тілектерін қанағаттандыру үшін өмір сүретіндей. Оның барлық ойы осы бағытта. Басқалардың есебінен пайда табуды ар санамайды. Ешқашан ешнәрсе өкінбейді.
Әрине бәрінен де қара басыңыз бен өз өміріңізді биікке қою айып та, қылмыс та емес. Десек те, бәрі мен үшін бәйек боп, жағдайымды жасау керек деген пиғылдан арылу керек. Психологиялық тұрғыда есейіп, отбасыңыз туралы да ойлауды бастаңыз.
КЕҢЕС: Өзімшіл болуды доғарыңыз. Бұны өз көрпеңізді өзіңіз салып үйренуден бастаңыз. Басқа адамдардың мүдделерін ескеруді ұмытпаңыз. Әйтпесе достарыңыз бен туыстарыңыздан алыстап, жалғыз қалуыңыз мүмкін. Бір ай ешкімге ешнәрсені міндет етпей тіршілік етіп көріңізші, бұның қаншалықты рақат әрі пайдалы екенін ұғасыз.
ТЕҢІЗ ПЕЙЗАЖЫ
Сіздің өмірдегі мақсатыңыз өзіңізбен және сыртқы әлеммен үйлесімділік табумен тікелей байланысты. Сондықтан да дау-жанжалдан бойыңызды аулақ ұстап, бәрімен келісімге келуді дұрыс көресіз. Араздасқан адамдарды татуластыруға бар күшіңізді саласыз. Достар бағалайды, құрметтейді және жақын адамдарыңыз сізді жақсы көреді.
КЕҢЕС: Барлық істі 100% мінсіз жасауға тырыспаңыз. Бұл маңызды шаруаларды, тіпті өмір сүруді «кейінге қалдыруға» алып барады.
Өміріңізді өзіңіз қиындатпаңыз. Сондай-ақ барлық адамға жақсылық жасауға, татуластыруға міндетті емессіз, өзіңізді қинауды доғарыңыз.
Бір ай кідіріс жасап, ешкімнің өміріне араласпаңыз және оны ары қарай да жалғастырыңыз. Сонда өмір салтыңыздың өзгергенін аңғарасыз.
Дайындаған: Табиғат ҚАЛЫБЕК,
Тағы да оқыңыз:
Өмірді 100 пайыз жақсартатын БІР қадам
СІЗге қай НӘРСЕге уақыт бөлу КЕРЕК? (тест)