Түрлі-түсті қар – ертегі. Жібек Зинелова

0
1 979

Балалар да сол күннен бастап аспаннан тек ақ қар жауғанын қалапты.


Түрлі-түсті қар – ертегі. Жібек Зинелова

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Далада жапалақтап қар жауып тұр. Мирас терезеден бәрін бақылап отырды.«Күнде осылай қар жауса ғой! Айналаның бәрі ақ кілемдей жарқырап жатса...» деп ойлады ішінен.


Мирас осылайша өз қиялына сүңгіп кетті.


Қиялындағы ғажайып мекенге аттанды. Ол жақта да қар жауып тұр екен. Қиял-ғажайып мекенді өмірінде алғаш көруі. Шоколадтан жасалған үйдің төбелерін көкпеңбек түсті қар басып қалыпты. Алқызыл түсті кәмпиттер, түрлі түсті ағаштар әлгі көк кілемдей қарда жайқалып өсіп тұр. Мирас өз көзіне өзі сенбеді. Осы сәтте ғажайып өлкедегі балалар алыстан қол бұлғап, оны ойынға шақырды.


Балалар қуаныштан айғайлап, шулап, бір-бірімен қар атысып жүр. Жердегі көкпеңбек қардан Аяз мырза аққала жасауға кірісті. Бәрін біткенде оған аппақтелпек кигізіп, ақ орауыш тақты. Аяз мырза қолына қызыл доп ұстатқанда, әбден сәні кіріп қалғандай. Оған көмірден көз жасап, сәбізден мұрын қойды. Балалар жасаған Аяз мырзаның жанында айнала жүгіріп, қуаныштан бір-біріне күлімдеп қарады.


Келесі күнібалалар ерте тұрып алды. Мирас терезені ашып, сыртта не болып жатқанын тезірек білгісі келді. Бұл жолы қар қызғылт түске боялыпты. Көше де, заттар да көздің жауын алады. Осы сәтте Мирас қарда сырғанақ теуіп жүрген аппақ киікті көрді.


Қиял-ғажайып мекенде тұратын балалар үйлерінен шығып,ойынға жинала бастады.Бәрі көңілді жүріп, бұл жолы қызғылт қардан Аяз апай жасады. Қолына күлгін себет, мойнына түрлі түсті орағыш, басына әдемі бантикті бас киім кигізді. Балалар қатты қуанды. Себебі айналадағы қардың бәрі қызғылт түске боялған болатын.


Олар кешке шейін дейін қарда ойнап, ақыры өз үйлеріне кетті. Сол күні түстерінде заттардың бәрін қызғылт түсте көрді. Бұл жолы да балалар ерте тұрып, далада өздерін қандай қызық күтіп тұрғанын білуге асықты. «Бүгін қар қандай түс болар екен?!» деп Мирас далаға жүгірді. Өздері күткендей қар бүгін сап-сары түске айналыпты. Айналаның бәрі, үйлердің үстіндегі қар сары кілемге оранған.Бұл жолы балалар сары қардан кішкентай балақай жасайық деп келісті.Басына қызыл телпек кигізіп, мойнына қызғылт орауыш байлап, сүп-сүйкімді балақай жасады. Балалар жасаған Қар балақайларын айналып, асыр салып ойнады.


Келесі күні Мирас тұра сала терезеден қарады. Қараса балалар ерте тұрып, әлдеқашан сыртта ойнап жүр екен. Бұл жолы тағы да өзгеше түсті қар жауыпты. Мирастың көзі бал-бұл жанып, сыртқа жүгіріп шықты. Бұл жолы қар жап-жасыл кілемге ораныпты.


Балалар жиналып, әртүрлі ойындар ойнап жатты. Бұл жолы олар нағыз Аяз атаны жасауға кірісті. Қолына қолғап кигізіп, басына қара бас киім кигізді. Бұл өлекеде әр күн бір-біріне ұқсамайтын ерекшелікке толы. Құдды түс әлемінде жүргендейсің!


Бүгін балалар кеш оянды. Олар қардың әртүсті жауғанына үйреніп қалған еді. Сол үшін бүгін не бар екен деп далаға шығуға онша асықпады.


Сөйтіп бәрі далаға шықты. Қар бұл жолы да басқа түсте екен. Бірақ...


Бірақ қар бұл жол қап-қара еді. Балалар таңданыстан: «Кешегі түрлі-түсті гүлдеріміз қайда? Мыналарға не болған?!» деп айналадағы ағаштар мен үйлердің үстіндегі қарды көріп, ауыздарын ашты.


Балалардың көңіл-күйлері түсіп кетті.Бәрі неге қара түсті қар жауғанын білгісі келді. Бірақ ешкім оның себебі білмейтін еді.


Оның үлкен себебі бар еді. Қар жасыл болған күні ғажайып мекендегі бір бала ұшып жүрген құсты ұрып жіберген болатын. Сол себепті келесі күні бүкіл өлке қап-қара түске боялды.


Қиял мекендегі адамдар мәселенің алдын-алуды ойластыра бастады. Қалың қара қар әлі жауып тұр.


Соңында ғажайып мекендегі балалар қолдарын жайып, шарасыздықтан жылай бастады. Тіпті олар түрлі түсті қарды емес, жай ғана аппақ қар жауғанын қалады. Олардың көз жасы көлболғанда, жердегі қап-қара қар еріп, тазара бастады.


Құсты ұрып жіберген балақай да өз ісіне қатты өкінді. Ол бақшада жаралы қалған құстың жанына жүгіріп барды. Оны мейіріммен құшақтап, тезірек жазылып кеткенін қалады. Артынан үйіне әкеліп, жаралы қанатын байлап, емдей бастады.Құс қамқорлыққа риза болып, балаға жымия қарады.


Әлгі құсты жаралап алған балақай да қателігіне қатты өкінді. Өкініштен көздері жасқа толып, осыдан кейін ешқандай тіршілік иесіне зарар бермейтіндігіне уәде берді.Ешкім неге қара қаржауғанын білмейтін еді. Бұның себебін құсты ұрып жіберген бала ғана білді.Сол себепті ол өкініп, бәрі бұрынғыдай болса екен деп тілек тіледі. Әрине, балалардың тілегі қабыл болды.


Келесі күні барлық жер аппақ қарға оранды. Адамдар бір-бірін құттықтап, құшақтасты.Қарға ақ түс қана қатты жарасады десті. Көзі күлімдеп, жүздері жайнап бәрі риза болысты. Сол күннен бастап қиял өлкесінде аппақ қар жауыпты деседі.Балалар да сол күннен бастап аспаннан тек ақ қар жауғанын қалапты.


Зинелова Жібек Құрашқызы – Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген. Аудармашы, автор. Балаларға арналған «Кәмпитті жеген кім?», «Кербезмүйіз», «Әдептілік қағидалары», «Қиялдағы ғаламшар», «Сұр қоян», т.б кітаптарының авторы. Әңгіме, ертегі, фэнтези жанры бойынша ересектер мен балаларға арналған шығармалар жазады.