Биік өкшелі туфлимен әдемі жүрудің әдісі

0
3 198

Биік өкшелі аяқ киіммен жүру сізге де қиындық тудыра ма?


Биік өкшелі туфлимен әдемі жүрудің әдісі

Демалыс маусымы аяқталып, жұмысқа кірісетін уақыт келді. Бұл кезеңде қыздардың киімі кеңсенің стиліне ауысып, аяққа да биік өкшелі туфлилер киіледі. Қай қыз болмасын сымбатын арттыру үшін кез келген қиындыққа төзуге әзір.

Дегенмен биік өшкеден кейінгі аяқ сыздауынан құтылуға болады екен! Ол үшін алдымен дұрыс жүруді үйренеміз, одан кейін арнайы жаттығуларды жасасақ болғаны.

Биік өкшелі аяқ киім қыздарға сымбаттылықтан кейін, өзіне деген сенімділікті де сыйлайды. Сондықтан өзіңізді сенімді ұстау үшін денеңізді тік ұстаңыз, басыңызды алдыңызға қарай салбыратып жүрмеңіз. Ол арқылды өзіңіздің «сенімсіз адам» екеніңізді білдіресіз.

Арқаңыз бен басыңыз бір сызықтың бойында болғаны жөн. Алдыңызға тік қараңыз!

Үлкен қадам жасамаңыз! «Жылдам жүрсем дұрыс жүрмегенім білінбейді» десеңіз, қателесесіз! Дұрысы орташа жылдамдықпен, ұзын да емес, қысқа да емес қадаммен жүріңіз. Көзіңізбен түзу сызық сызып алып, сонымен жүріп көріңіз.

Қадам басқан кезде аяқтың ұшын ғана қоюғы тырысыңыз. Екі аяғыңыздың ұшын аздап қана сыртқа қарай басыңыз, ол аяқтарыңыздың бір-біріне кедергі келтірмеуіне көмектеседі.

Жүрген кезде қолымыздың алға қарай қимылдауы табиғи жағдай. Бірақ оның қозғалысын бақылай білу маңызды, мүмкіндігінше көкірек тұсыңыздан асырмауға тырысыңыз.

Бұл қағидалардан өзге күн сайын біз ұсынатын жаттығуларды әдетке айналдырсаңыз, биік өкшеден кейінгі аяқтың ауруы азаятын болады.

Арқаңызды тік ұстап отырып, тұрыңыз. Алдыңызға тік қарап, басыңызды қимылдатпауға тырысыңыз.


Тағы да алдыңызға тік қарай отырып, алға қарай иіліңіз. Мүмкіндігінше аяғыңызды бүкпеңіз.

Жерге ішіңізбен жатып, аяғыңңыз бен кеуде тұсыңызды бір уақытта жоғары көтеріңіз. Сол күйде 20–30 секунд тұрыңыз.


Фото: www.7ya.ru

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ