Адамдар неге Шри-Ланкаға құмар? Оның себебі бар

0
4 448

Шри-Ланка жыл сайын мыңдаған турист баратын Үнді мұхитында орналасқан таңғажайып арал.


Адамдар неге Шри-Ланкаға құмар? Оның себебі бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жыл сайын сан мың турист ағылып барып жататын бұл аралдағы туристік маусым қазан айынан сәуірге дейін созылады және судың температурасы жыл бойы +25 градустан төмендемейді. Ал, мамыр айында елде жаңбырлы маусым басталатындықтан саяхатшылар азайып, осыған байланысты жаз айларында билеттің құны әлдеқайда арзан болады.

Шри-Ланка – тарихы бай, таңғажайып жағажайлары, әсем табиғаты және керемет климаты бар ел. Сондықтан ол ең танымал туристік бағыттардың тізіміне енеді. Бірақ мұнда туристерді не қызықтырады? Неліктен мыңдаған саяхатшылар демалу үшін осы экзотикалық аралды таңдайды? Мұның себебін бірге білейік.


Керемет жағажайлар

Мүмкін туристердің аралға ынтық болуының басты себептерінің бірі – ұмытылмас жағажай демалысы болар. Өйткені, Шри-Ланкада ақ құмды, суы мөлдір таза, пейзажы әсем жағажайлар көп және барлық жағажайларға кіру тегін. Бір ерекшелігі – мұнда орынды, шатыр сынды қажеттілікпен жабдықталған жағажай жоқ. Барлығы табиғи қалпын сақтап қалған. Дегенмен, жағажайларында инфрақұрылым дамыған. Барлар, мейрамханалар, кәдесый дүкендері, су жабдықтарын жалға беру орындары мен көптеген қонақүйлер бар. Кейбір бес жұлдызды қонақ үйлерде жеке жағажай аумағы да қарастырылған. Елдің ең танымал жағажайлары ретінде Нилавели, Калкуда, Бентота, Лавиния тауы мен Хиккадуваны атайды.



Қызықты экскурсиялық демалыс

Шри-Ланка – тарихы бай ежелгі ел дедік қой. Осы аралдың жеті тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның мұрасына енгізілген екен. Сол орындарға Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы турфирмалар арқылы сапар жасап қайтуға болады. Әсіресе, аралдағы көне ғимараттарға, ұлттық саябақтардағы сафариге, табиғи көрікті жерлерге қызығушылық танытатындар көп екен. Ондай экскурсиялардың құны мерзімі мен қызметтеріне байланысты 50-300 АҚШдоллары шамасында болады.


Шри-Ланка – шай Отаны

Шри-Ланканы көбіне цейлон деп те атайды. Себебі, мұндағы жергілікті тұрғындар көптеген жылдан бері цейлон яғни дәмітіл үйіретін хош иісті шай өсірумен айналысып келеді. Тіпті, мұнда саяхаттаған адам сол шай алқаптарына да саяхаттауға мүмкіндік алады.



Жергілікті тұрғындар

Шри-Ланкаға асықтыратын тағы бір себеп жергілікті халықты қонақтарға деген ыстық ықыласы. Мұндағы адамдардың жүзінен жылулық шашылып, әрдайым күлімсіреп жүреді. Тіпті, дөрекілік танытатын адамдар жоқтың қасы. Және жергілікті тұрғындардың барлығы ағылшын тілін жетік біледі екен.



Белсенді демалыс мүмкіндігі

Шри-Ланка – белсенді демалысты ұнататындар үшін де таптырмас орын. Себебі, бұл елдегі курорттарда ойын-сауықтың түр-түрі ұсынылады. Су астындағы бай әлем мен таңғажайып маржан рифтері де кез-келген су асты туризмі әуесқойын бей-жай қалдырмайды. Жаз айларында серфингті ұнататындардың маусымы басталады. Сондай-ақ, велосипедпен немесе квадроциклмен табиғатта саяхаттауға да болады.


Дәмді және әртүрлі тағам

Шри-Ланка тағамдары әлемнің әртүрлі халықтарының асханаларының мәзірін қамтиды. Кафелер мен мейрамханалар тек жаңа өнімдерден дайындалған тағамдар ұсынады. Жергілікті тағамдарды дайындау үшін қолданылатын негізгі ингредиенттер ретінде күріш, теңіз өнімдері, жемістер, ет пен тауық етін атауға болады. Елде жемістердің жыл бойы пісетіні де бір ерекшелік.


Бірегей косметика

Шри-Ланканың әйелдерқауымына ұнайтын ерекшелігі – бұл жақтан табиғи ингредиенттерден жасалған бірегей косметиканы сатып ала алуға болады. Ол опа-далаптар теріге жасартатын әсер беріп қана қоймай, басқа да тері проблемаларынан арылуға көмектесетін көрінеді. Сондықтан көптеген туристер жақындарына сыйлық ретінде жергілікті косметика өнімдерін сатып алады. Сондай-ақ, мұнда табиғи майлар негізінде емдік майлар мен кремдер жасалады.


Міне, ғажайып Шри-Ланкаға саяхаттаудың осындай себептері бар. Сондықтан, шамаңыз жетсе, Шри-Ланкаға саяхаттаңыз. Одан еш өкінбейсіз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


УКРАИНАНЫҢ ЖЕТІ ЖАУҺАРЫ: Туристер бұл орындарға бір БАРМАЙ КЕТПЕЙДІ!


Қазақстанда жаңа жыл басталды! Басқа елдер қашан қарсы алады?