Әлем елдеріндегі БІРТҮРЛІ жер АТАУЛАРЫН білесіз бе?

0
3 384

Сену қиын, бірақ дүниежүзінде осындай қызықты атаулар бар.


Әлем елдеріндегі БІРТҮРЛІ жер АТАУЛАРЫН білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кейбір елдердегі жер атауларын қазақ тіліне аударсақ немесе сол күйінде оқып қарасақ, түрлі қызыққа куә боламыз. Тіпті, бір мемлекетте «Шайтандар патшалығы» деген қала бар екен, ол жерде қандай адамдар өмір сүретіні де қызық.


1. Swastika - Онтарио провинциясындағы Свастика қаласы, Канада.

СвастикаАдольф Гитлердің туындағы ұлтшылдықтың белгісі болған, бірақ бұл ұлтшылдардың қаласы емес және Гитлер «свастиканы» пайдалана бастағанға дейін 30 жыл бұрын құрылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаланың атауы ежелгі үнділердің құрметіне қойылған.


2. Satans kingdom - «Шайтандар патшалығы»

АҚШ-тың Вермонт және Массачусетс штаттарында орналасқан екі қаласы «шайтандар патшалығы» деп аталады екен. Бірақ, мұнда қарапайым адамдар өмір сүреді және қала тозақтың құрметіне осылай аталған.


3. Nothing - «Ештеңе» ауылы

АҚШ, Аризона штатындағы «Ештеңе» ауылында өте аз адам өмір сүрген, ал 2005 жылдан бастап тастанды аумаққа айналған. Ұзақ жылдар бойы бұл жердің адамдары ештеңе істемей, ештеңеге үміті болмағандықтан осылай аталып кеткен.


4. No Name - «Атаусыз» қалашығы

Атаусыз – Колорадо штатындағы шағын қалашық. Бұл атау қалашықтың құрылысы басталып жатқанда уақытша белгі ретінде қойылпы, кейін сол күйі осылай аталып кеткен.


5. Month - "Ай"

«Ай» қалашығы АҚШ-тағы Питтсбург аймағының солтүстік-батысында орналасқан. Олай аталуының себебі – қалашық өзен арнасының жарты ай секілді бұрылған жерінде салынған.

6. Марс

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы ғаламшар атымен аталған бұл қалаға соңғы уақытта туристер көптеп келе бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл атау қала аумағындағы бұрынғы ғарыш кемесінің құрметіне қойылған екен.


7. Бэтмен

Барлық адам мына атауды естігенде әйгілі комикс кейіпкерін ойлауы мүмкін. Бірақ, бұл провинция Түркиядағы Бэтмен өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың негізгі бөлігін көрікті орындар, мұнай өңдеу зауыттары мен ірі әскери авиабазалар құрайды екен.


8. Å

Осындай қысқа атауға ие өте көрікті елді мекен Норвегияның солтүстігіндегі теңіз жағасында орналасқан . Сондай-ақ, мұндай қысқа атаулы қалалар Швеция мен Данияда көп кездеседі екен.


9. Accident - «Қайғылы оқиға»

Қазақ тіліне аударғанда «Қайғылы оқиға» деген мағынаны білдіретін қалашық Батыс Мэриленд (АҚШ) штатында орналасқан. Бір қызығы, бұл қалашық 1770-ші жылдары екі жер өлшеуінің бір емен ағашын тірек нүктесі ретінде таңдап алып, құрылыс жүргізуінен кейін ойламаған жерден салынып кеткен.


10. Why - «Неге»

Аризонадағы штатында (АҚШ) Why (Неге) деген қалашық бар екен. Оның атауын қалашықтың алғашқы тұрғындары көшелердің У әрпіне ұқсап салынғанына байланысты қойған.

11. Тауматауакатангиангакоауауауотаматеапокануакануакитанатаху

Ал бұл атауы ең ұзын қала. Ол Жаңа Зеландияда орналасқан және «Таматеа Покаи Уэнуаның өзінің сүйіктісіне арнап флейтада ойнаған шыңы» деген мағынаны білдіреді.

12. Llanfairpwllgwyngyllgogerychwyrndrobwllllantysiliogogogoch, Уэльс

Ұзын атауымен ерекшеленетін қала Уэльсте орналасқан және жергілікті тіл мамандарының айтуынша, «Қызыл үңгірдің жанындағы киелі Тисилио шіркеуі және су бұрғының жанындағы Әулие Мария шіркеуі» деген мағынаны білдіреді.

13. Sweet Lips, АҚШ

Бұл адамзат тарихындағы ең ерекше атаулардың бірі, себебі Sweet Lips ағылшын тілінен аударғанда «тәтті ерін» деген мағынаны білдіреді. Ал, шығу тарихын қаланың алғашқы тұрғындары азаматтық соғысқа қатысушылар болып, жақын жерден су ішкенде еріндеріне ерекше тәтті дәм сезілгенімен байланыстырады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

дереккөз: ашық ғаламтор беттері


Тағы оқыңыз:


Әлемде ӨЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН жерлер бар

САЯХАТ: Қонақүйден ҮЙДЕ ОТЫРЫП-ақ ОРЫН алып қоя аласыз