Әлемде ӨЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН жерлер бар

0
4 173

Дүниежүзінің түрлі елдерінде күлкілі немесе «біртүрлі» заңдар қабылданған.


Әлемде ӨЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН жерлер бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жер шарын аралап саяхаттауды кім армандамайды дейсіз!? Ал, талаптана білген адамның армандары орындалады. Бірақ, шет елдерге барар кезде ол жақтағы тыйымдар мен салт-дәстүрлерді зерделеп алған дұрыс. Себебі, әлемнің барлық жерінде заң бірдей емес, тіпті "біртүрлі" тыйымдар да бар. Оларға әлемдік тәжірибеде талай турист тап болып, зардабын да тартқан.


Кино көру

Сауд Арабиясында кинотеатрларға баруға тыйым салынған. Тек, 2018 жылдың басында ғана, 40 жылдан кейін алғаш рет үлкен экраннан кино көрсетілген, бірақ оның өзіне арнайы шақырылған адамдар ғана кіре алады. Дегенмен, ол елдегі кейбір діни белсенділер бұл өзгеріске де қарсы болған көрінеді. Олар өз қарсылықтарының себебін заманауи кинолардағы жыныстық қатынас бейнелерімен байланыстырады екен.


Көк джинсы

Егер, Сіз Солтүстік Кореяға барсаңыз, киіміңізге сақ болыңыз. Өйткені, өте кең таралған көк джинсыға мұнда тыйым салынған. Аталған ел үкіметі «Көк джинсы – Батыс ілімдерін бейнелейді» деп санайды. Ал, заңды бұзған адамға үлкен сомадағы айыппұл салынады немесе еңбек лагерінде айыбын өтейді екен. Сонымен қатар, Солтүстік Кореяда шаш үлгісіне қатысты да заңды нормалар бекітілген – ерлер үшін 10 және әйелдер үшін 18 рұқсат етілген шаш үлгісі бар.

Сағыз

Сингапурда қалтаңызды қағып алатын көптеген «біртүрлі» тыйымдар бар екенін есте сақтаңыз. Соның бірі – 1998 жылғы сағызға тыйым салынуы. Сингапурда сағыз шайнауға, тіпті оны ел аумағына кіргізуге болмайды.


Шамдарды ауыстыру

Австралияның екінші штаты Викторияда үйдегі майда-шүйде жұмыстарды істейтін кезде абай болу керек. Мысалы, Сізде электрик лицензиясы болмаса, бірақ бұзылған шамды ауыстырсаңыз, 10 австралиялық долларға дейінгі айыппұл салынады.


Өлуге болмайды

Кейбір жерлерге саяхаттап барған туристер қалағанының бәрін істей алады, тек өлуге тыйым салынған. Иә, рас! Бұл заң Францияның оңтүстігіндегі Ле-лаванда, Сарпуранс, Кюньо және испандық Ланхарон, норвегиялық Лонгйир аумақтарында әрекет етеді. Ол тыйым жерлеу барысындағы қиындықтарға байланысты пайда болған екен.

Су ойыншықтары

Камбоджада 2002 жылдан бастап, әсіресе жаңа жыл мерекесі қарсаңында су ататын ойыншықтармен көңіл көтеруге және сатуға тыйым салынған. Бұл шара мереке кезінде аталған құрылғылардың кесірінен мотоцикл жүргізушілерінің көзіне сұйықтықтар шашырап кетіп, қайғылы жағдайға тап болуынан туындаған.


"Киндер-тосынсыйға" салынған тыйым

АҚШ аумағына Kinder Surprise апаруға тыйым салынған. Өйткені, олар балалар үшін қауіпті болып есептеледі және оны апарған адамға салынаты айыппұл – 2500 АҚШ долларын құрайды!


Компьютерлік ойындар

Грекияда ұялы телефондар, компьютерлер немесе ойын аппараттарымен ойналатын ойындардың барлық түріне тыйым салынған. Сондай-ақ, құмар ойындарға байланысты енгізілген бұл тыйым туристерге де байланысты. Заң бұзушылық үшін айыппұл төлеуіңіз немесе бас бостандығынан айырылуыңыз мүмкін.


Мұңайып жүруге болмайды

Италиядағы Милан қаласында көңілсіз жүруге тыйым салынған. Ондай эмоцияларды тек ауруханада немесе жерлеу орындарында көрсетуге рұқсат етілген. Ал, басқа қоғамдық орындарда күлімсіреп жүрмеген адамға полиция айыппұл сала алады.


Сары түс

Малайзияда сары түсті киім киюге мүлдем болмайды, ал заң бұзған адамға айыппұл салынады. Бұл шешімді Ішкі істер министрі Хишамуддин Хусейн елдегі оппозиция өкілдерінің «сары» митингтер өткізуіне байланысты қабылдаған.


Англиядағы көше заңдары

Англияның көшелерінде кілем қағуға тыйым салынған. Ондай жұмысты тек адамдар ұйықтағасын таңғы сағат 8-ге дейін ғана істей аласыз. Сонымен қатар, 7:00-ден 22:00-ге дейін көшеде ірі-қара мал бағуға рұқсат етілмейді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

дереккөз: inplanet.net


Тағы оқыңыз:


"АВТОСТОП": ШЫҒЫН шығармай ТЕГІН саяхаттауға болады


ҚАЙЫҚТА орналасқан мектеп, ҮҢГІРДЕГІ оқу орны және ЖЕР АСТЫНДА оқитын оқушылар