ГОЛЛИВУДТЫ «Playboy-дың» негізін қалаушы сақтап қалған

0
1 761

Ең танымал жерлердегі ЕШКІМ БІЛМЕЙТІН деректер.


ГОЛЛИВУДТЫ «Playboy-дың» негізін қалаушы сақтап қалған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі ең танымал көрікті орындардың көбінің тарихы бай және оларды бәрі біледі. Дегенмен, жер шарының түкпір-түкпірінен туристер ағылатын ол орындардың танымалдығынан бөлек, кейбір ел білмейтін деректері бар.


1. Лондон Тауэрінің қақпасы

Лондондағы ең танымал көрікті орындардың бірі лондондық Тауэр жаңа корольдік резиденция ретінде 1078 жылы қаланған. Дегенмен, 1100 жылдан 1952 жылға дейін оны түрме ретінде пайдаланған және онда Ранульф Фламбард және Крэй егіздері сияқты елдің ең танымал қылмыскерлері жазасын өтеген.

Ал қазір бұл тарихи бекіністі кез келген адам тамашалай алады. Келушілер түрлі түрме камераларын көріп, оның тарихы туралы мол мағұлмат біле алады. Сондай-ақ, Тауэрден әлемдегі ең асыл бұйымдарды көре аласыз. Алайда, бұл бекіністі алты құзғын күзетіп жүретінін көп адам біле бермейді. Жергілікті ырым бойынша егер қарғалар Тауэрден кетсе, барлық патшалық құлайды деп айтады. Сондықтан ол құстарды өте қатты бағалап, бағады.


2. Бостандық қоңырауындағы жарық

Алғашында бұл бостандық қоңырауы Индепенденс-Холл мұнарасынан АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясын жариялауға қала тұрғындарын шақырған кезде қолданылған. Бастапқыда қоңырау жасауға Лондондағы Whitechapel зауытына тапсырыс берілген. Алайда, ол алғашқы сынақ кезінде қатты соққының әсерінен жарылған.

Содан кейін жергілікті металлургтер Джон Стоун мен Джо Пасс оны балқытып, қазіргі кейпіне келтірген. 90 жыл үнемі қолданғаннан кейін, 1840 жылдардың басында еркіндік қоңырауында кішкентай сызат пайда болады. 1846 жылы оны жөндеуге әрекет жасалып, металлургтер жарық үлкеймеу үшін алдын алу шараларын қолданған. Өкінішке қарай, жөндеу жұмыстары екінші жарықтың пайда болуына соқтырып, қоңырау мәңгілікке жарамсыз болып қалған.


3. Еркіндік мүсінінің түсі

1886 жылы Франция Америкаға сыйға тартқан еркіндік мүсіні планетадағы ең маңызды, көрікті орындардың бірі (жыл сайын төрт миллионнан астам турист келеді). Алайда, кейбіреулер мүсіннің бастапқыда жасыл болмағанын біліп, таңғалуы мүмкін. Ол алғаш орнатқан кезде мыс түсті болған. Бірақ жаңбыр, жел және теңізден ұшқан бу мүсіннің тотығуына әкеледі. Алдымен ол ақшыл, шоколад-қоңыр түске ие болып, содан кейін көк-жасыл кейіпке жеткен.


4. Парфенон

Кейбір археологтар Афинадағы белгілі тас руналардың көпшілігі бастапқыдан мүлдем өзгеше көрінеді деп санайды. Мысалы, Парфенон түрлі түсті болды деген пікір кең таралған. Бұл пікірге грек археолог және инженер-химик Дэви Папаконстантину-Зилоти зерттеуінің нәтижесінде қабырғаларынан көк, қызыл және жасыл бояулар табылғаны себеп болған. Ауа райы әсерінен болған эрозия біздің дәуірімізге дейінгі 432 жылы салынған әлемге әйгілі ғибадатхананың өзгеруіне әсер еткен екен.


5. Тауэр көпірінің мұржасы

Тауэр көпірі – Лондон Тауэріне Темза өзені арқылы өту үшін 1886-1894 жылдары салынған. Осылайша, бұл орын ағылшын астанасы Лондонның ең маңызды көрікті орындарының бірі болып қалған. Сондай-ақ, бұл көпірде ешкім білмейтін бір ерекшелік бар. Егер мұқият қарасаңыз, көпір бойындағы жарықты бағаналар сияқты көк түске боялған мұржаны көресіз. Ол лондондық Тауэрдің қарауылдық бөлмесіндегі ескі тас ошаққа апарады. Бір кездері ол ошақ қыста күзетшілер жаурамауы үшін қолданылған.


6. Линкольн мемориалындағы жасырын үңгір

Вашингтондағы Линкольн мемориалына барған туристің бәрі бұл үңгірдің аузындағы есікті елей бермейді. Оның ішіндегі баспалдақтар графикалық бейнелер салынған, шаң басып, қоқыс толған жер асты залына апарады. Бұл залдың қабырғаларын 1900 жылдардың басында ғибадатхананы салған құрылысшылар бояған деген деректер бар. Содан бері бұл зал "тарихи граффити" деп аталады.


7. «Алтын қақпа» көпірінің негізгі түсі

«Алтын қақпа» көпірі – АҚШ-тағы ең танымал туристік бағыттардың бірі. Дегенмен, оның атауына қарап, аспалы көпір шын мәнінде алтын түстес деп ойламаңыз. Бояудың түсі халықаралық стандарттар бойынша қызғылт-сары деп нақтыланған. Шын мәнінде, мұндай атқа ие болуына оның үстінен өткен алтын толы керуендердің құлағаны ықпал еткен деген деректер бар.


8. Голливуд белгісі

Көптеген адамдар «Голливуд белгісі марқұм Хью Хефнер болмаса салынбай қалатын еді» дегенді естіп таңғалуы мүмкін. 1923 жылы бастапқы орнатылған белгіде "Hollywoodland" деп жазылып, ол Тинселтаун қаласының белгісіне айналады. 1978 жылға қарай ол әбден ескіргенде, белгіні қалпына келтіру үшін 250 000 доллар керек екенін білген Playboy негізін қалаушы Хью Хефнер қаражат жинауды жариялайды. Мысалы, ол қорға рок-жұлдыз Элис Купер мен актер Джин Отри қайырымдылық ретінде 27 000 доллардан бөлген.

Содан, Хефнер еңбекпен жинаған қаражаттың күшімен белгі қалпына келтіріледі. Бірақ Хефнер бұл белгінің сақталуына бір рет қана қолдау көрсетпеген. 2010 жылы "The Trust for Public Land" табиғат қорғау тобы Голливуд белгісінің айналасындағы 55 гектар жерді қорғауға алып, онда сәнді үйлер салуды ұсынғанда қажетті 1 миллион доллардың 900 000 долларын Playboy негізін қалаушы сыйға тартқан.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ұшақтың ЕҢ ЛАС бөліктерін ұстамауға кеңес береміз: Сенсорлы экран, сырғымалы үстел және т.б...


МАРСТЫҢ «ЖЕРДЕГІ БӨЛІГІНЕ» барып көрдіңіз бе?