КІШКЕНТАЙ ғана аралда 15 МИЛЛИОННАН АСТАМ адам тұрады

0
3 613

Тіпті, онда әлемдегі ЕҢ ҚЫМБАТ үй орналасқан.


КІШКЕНТАЙ ғана аралда 15 МИЛЛИОННАН АСТАМ адам тұрады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда ғалымдар адамзаттың көптеген жаһандық мәселелерін анықтайтынын білеміз. Солардың бірі – демографиялық мәселе, яғни Жер ғаламшарындағы халық санының көбеюі.


Өткенге көз жүгіртсек, жер бетіндегі тұрғындар саны ХІХ ғасырда – 1 миллиард, ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңында – 2 миллиард, ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында – 3 миллиард, 1974 жылы – 4 миллиард, 1987 жылы – 5 миллиард және XXI ғасырдың басында – 6 миллиардтан асқан. Ал қазір бұл көрсеткіш 7,9 миллиардтан асып кетті. Бұл өсімге қарап бір жағынан қуансақ, екінші жағынан ғалымдар теріс салдарын анықтап, ғаламшар халқының өсуін тұрақтандыру мәселесі бойынша жұмыс істеуде. Кей елдерде тіпті халқы жерге симай жатқанын естиміз. Ол аз десеңіз, су ортасында да халқы өте тығыз орналасқан аралдар бар екен. Бүгін сол су айдынындағы құрлықтар жайлы жазамыз.


1. Санта-Крус-де-Ислот, Колумбия

Колумбия жағалауындағы бұл арал әлемдегі адам ең көп қоныстанған жер. Арал Кариб теңізінің суымен қоршалған. Мұнда электр желісі жоқ, ауыз су жетіспейді, үй саны 100-ден аз, мектеп те, қоғамдық ғимараттар да жоқ. Бірақ, бұл аумақ балықшылардың сүйікті мекеніне айналған. Аралда 1 247 адам өмір сүреді. Ал, халықтың орналасу тығыздығы – бір шаршы шақырымға 124 700 адам.


2. Мигинго, Кения мен Уганданың даулы аумағы

400-ақ адам мекен ететін Мигинго аралының көлемі футбол алаңының өлшемімен шамалас. Бір шаршы шақырымға 100 000 адамнан келетін мекен Виктория көлінде орналасқан. Дегенмен, балықшылар өмір сүретін бұл аумаққа Кения мен Уганда әлі күнге дейін таласып келе жатқан көрінеді.


3. Ап Лей Чау, Гонконг

Ал, 87 мыңға жуық халқы бар мына аралда көптеген биік ғимараттар, 30-50 қабатты үйлер салынған. Тұрғындардың орналасу тығыздығы – шаршы шақырымына 66 755 адам. Соның өзінде Гонконгтың бұл ауданы әлемге көптеген кеңселерімен, қонақ үйлері, шарап шығаратын зауыты және ауқымды сауда орталықтарымен танылып үлгерген.


4. Мале, Мальдив

Жүз мыңнан астам адам тұратын аралдағы орналасу тығыздығы – бір шаршы шақырымға 53 121 адамға тең. Бірақ, бұл жер кішкентай болса да, кеңселік ғимараттар, қонақ үйлер мен көптеген тұрғынүйлер салынған.


5. Эбей, Маршалл аралдары

Бұл аралдың тарихы өте ауыр. Бұрынырақта Америка Құрама Штаттары Маршалл аралдарының бір бөлігінде ядролық қаруды сынауды шешкен кезде, ол жердің тұрғындары осы бір кішкентай ғана Эбей аралына көшуге мәжбүр болған. Мұнда қазірдің өзінде тұрғын үй тапшылығы, ауыз судың жетіспеушілігі, экологиялық мәселелер анық байқалады. Тіпті, бұл арал "Тынық мұхитының қараңғы жері" деп аталып кеткен. Аларда 15 мыңнан аса адам тұратын болса, олардың орналасу тығыздығы шаршы шақырымына 41 667 адамға тең.


6. Сальсет, Мумбай, Үндістан

Бүгінде 15 миллионнан астам адам тұратын мына арал халқы ең тығыз орналасқан жерлердің бірі. Оны біреулер «қарама-қайшылық аралы» деп атайды екен. Өйткені мұнда Үндістанның бай адамдары тұратын сәнді аудандар да, кедейлер мекендейтін аудандар да бар. Сондай-ақ, бұл арал әлемдегі ең қымбат Антилла үйімен танымал. Оның иесі – Мукеша Амбани есімді азамат. Ғимараттың биіктігі – 173 метрді құраса, құны миллиард доллардан асады. Бұл тұрғын үйде 168 автомобильге арналған алты қабатты гараж, тоғыз лифт және мұзды бөлме бар.


7. Манхэттен, Нью-Йорк, АҚШ

Манхеттенде 1 585 873 адам тұрады. Бір кездері бұл аралды байырғы тұрғындары болған ланапе үнділері арзымайтын ақшаға сатып жіберген. Ал, қазір мұнда БҰҰ-ның штаб-пәтері, Уолл-стрит қаржы округі, қымбат пәтерлер, сәнді және қымбат дүкендер бар.


8. Сен-Луи, Париж, Франция

Үш мыңға жуық халық тұратын бұл аралдағы орналасу тығыздығы – бір шаршы шақырымға 22 409 адамды құрайды. Көптеген адамдар бұл жерді әлемдегі ең сәнді арал деп санайды. Ол өзінің XVII ғасырдан бері жалғасып келе жатқан таңғажайып сәулетімен тәнті етеді. Дәл осы аралда Париждің ең бай адамдары тұрады екен.


9. Лилла Ессингем, Стокгольм, Швеция

Лилла Ессингем аралында бес мыңдай адам тұрады, ал халықтың орналасу тығыздығы бір шаршы шақырымға 20 000-нан аса адамды құрайды. Бір кездері бұл арал нағыз өндіріс орталығы болған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Ұшақта бұл заттарға қол тигізсеңіз не болатынын білесіз бе?


Жуырда әлемдегі ЕҢ ҰЗЫН аспалы көпір ашылады