Сіз бүгін миллиардерлер, олигархтар, Голливуд жұлдыздары мен шоу-бизнес өкілдері жиі саяхаттап, демалатын орындармен танысасыз.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
1. Сен-Бартелеми демалыс орны, Кариб бассейні
Бұл Сент-Мартеннен 20 шақырым қашықтықта орналасқан жанартаудан пайда болған керемет арал. Алғаш рет 1957 жылы әлемге әйгілі миллиардер Дэвид Рокфеллер осы аралдан үй сатып алып, содан кейін бұл орынға байлар келе бастаған екен. Осылайша арал миллионерлердің сүйікті демалыс орнына айналып кеткен. Одан кейін сексенінші жылдары танымал биші Рудольф Нуриев, 2009 жылы «Челси» футбол клубының иесі Роман Абрамович Сен-Бартелемиден үй сатып алған. Мұнда мұхит көрінісіне қарап демалатын орындар, теннис корты, бассейн, би және асхана павильондары бар. Ал, бұл аумақтан жер алу үшін шамамен 90 миллион долларыңыз болуы қажет. Дегенмен, аралға қарапайым туристер де барып, жағажайда емін-еркін демала алады. Сондай-ақ, қанша ақша ұсынса да, байларға жағажай сатылмайтыны туралы ереже қабылданған.
2. Коста Смералда, Италия
Коста Смералда немесе итальяндық "изумруд жағалауы" қазір байлар мен атақты адамдар демалатын Еуропадағы ең қымбат орындардың бірі. Өткен ғасырдың ортасына дейін ол жер әдемі болғанымен, шөлді жағалау болып келген. Сосын, бұл жерге ғашық болған араб ханзадасы Кәрім Ага-хан IV 1961 жылдан бастап жағалауды өзгерте бастаған. Ол кезде бұл жер аса танымал болмағандықтан ханзада өзіне керекті жерді небәрі 25000 долларға сатып алады. Содан екі жыл өткеннен кейін, Коста Смералдада әуежай, автожолдар, керемет виллалар мен яхталар пайда болып, олигархтар мен Голливуд жұлдыздарының сүйікті демалыс орнына айнала бастаған. Бірнеше жыл бұрын Коста Смералданы Катар әмірі 600 миллион еуроға сатып алған. Демек, атақты орны әлі де дами түспек.
3. Сингит Серенгети үйі, Танзания
Африкадағы элиталық қонақүйден орын алған турист сафариде демалып, Килиманжаро шыңына көтеріліуге мүмкіндік алады. Бір айта кетерлігі – Африкадағы теңдессіз бұл үйді тек қана алдын ала тапсырыспен жалдай алады.
4. Кабо Сан Лукас, Мексика
Калифорния түбегінің ең шеткі оңтүстік нүктесінде орналасқан бұл демалыс орны — ғаламшардағы ең бай адамдардың сүйікті орнына айналған. Бұл жер қандай жыл мезгілі болса да ауа-райы жаймашуақ болып тұратындығымен де ерекшеленеді әрі әлемдегі ең танымал жағажай курорттарының қатарына кіреді. Мұнда керемет пейзаждар, сәнді жағажайлар, гольф алаңдары, яхта клубтары, қонақүйлер, су спортына арналған орындар бар. Мұнда негізінен бай американдықтар мен канадалықтар демалады екен.
5. Рамбага Сарайы, Үндістан
Рамбага сарайы керемет интерьері мен ғажайып орындарының арқасында "Джайпурдың інжу-маржаны" болып саналады. Ол әлемдегі ең әдемі сарай ретінде беделді туристік басылымдарда бірнеше рет айтылған. 1957 жылға дейін сарай Махаража Савай Ман Сингх II отбасына тиесілі болса, қазіргі уақытта корпоративті меншікке айналған. Мұнда бір кездері ағылшын корольдік отбасының мүшелері бернеше рет тоқтап, демалған деседі. Қонақүй кез келген қонаққа күні-түні қызмет етіп, қалағанындай жағдай жасайды.
6. Гамильтон аралы, Австралия
Нгаро аборигендік тайпасы 8000 жылдай өмір сүрген, 1770 жылы әйгілі капитан Кук тоқтаған – осы арал. 2003 жылдан бастап жекеменшікке өткен аралда керемет жағдай жасалған төрт демалыс орны бар. Мұнда ақ құмды жайлы жағажайлар, сәнді қонақүйлер, экзотикалық табиғат, тамаша мейрамханалар мен туристерге қажеттінің барлығы бар. Бұл аралған әлемнің бай-қуатты адамдары әсіресе шілде-қыркүйек айларының аралығында келіп, жата-жастана демалып кетеді.
7. Лас-Вегас, Невада, АҚШ
Лас-Вегас қаласы байлар жақсы көретін жерлердің бірі. Өйткені, мұндағы демалсы орындары атақты туристерген көптеген жеңілдіктер ұсынады. Мұндағы ең керемет демалыс орындарының бірі – «Wynn Las Vegas 5» деп аталады екен. Көпшілікке танымал әрі қауіпсідігі жоғары қонақүйде әлемге әйгілі сән үйлері орналасқан. Тіпті, қонақүйде жатып қалаған көлігіңізді сатып алуға да болады. Бір сөзбен айтқанда, байлардың алаңсыз демалуына нағыз қолайлы орын.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Күзде ҚАЙДА саяхаттаған дұрыс?