Шетелде жүріп төлқұжатты жоғалтып алғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

0
3 787

Мұндай жағдайда елге қайту өте қиын болады.


Шетелде жүріп төлқұжатты жоғалтып алғанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қандай құжатыңызды жоғалтып алсаңыз да бұл жағдай жағымсыз әсер тудырып, ми мен жүрекке салмақ түсіретіні анық. Әсіресе шет мемлекетте жүргенде. Өйткені, төлқұжатсыз Отанға оралу өте қиын болады. Сондықтан осындай жағдайда не істеу керектігі туралы кеңестер ұсынамыз.


АЛДЫМЕН ЖОҒАЛТУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ ҚАРАСТЫРАЙЫҚ

Өмірде кез келген проблеманың алдын алуға болады. Айталық, көптеген саяхатшылар шетелде жүргенде құжаттарды қонақүйдің сейфіне қалдыруды ұсынады. Тағы бір тәсіл – маңызды құжаттарды киімнің сырмасы бар ішкі қалтасына салу. Дегенмен, екі әдісте де ұрлатып алу қаупі толықтай жойылмайды.

Сондай-ақ, өзге мемлекетке барып, қонақүйге жайғасқасын қай жерге серуендейтініңізді, қай жерге құжаттарды алып бару қажеттігін нақтылап, жоспар құрып алған дұрыс. Себебі, бұрын көрмеген жерлерге қатты қызығып, саясаттың ғаламат атмосферасына бір еніп кеткен адам басқа нәрселерді толықтай есінен шығарып тастайды. Сөйтеді де, құжаты жоғалса, қайда жоғалтқанын білмей дал болады.

Мұндай кезде ең бастысы – аспай, саспай әрекет ету. Осы орайда құжаттардың алдын-ала жасалған көшірмелері оларды қалпына келтіруді жеңілдететінін айта кеткен жөн. Тіпті, оларды екі не үш дана етіп жасатып, сөмкеңізге, киімдердің қалтасына салып қоюға болады. Тиісінше, төлқұжаттың көшірмесін нақты құжаттың орнына қабылдауға да болады. Өз кезегінде көшірме сапарыңызды жалғастыруға мүмкіндік береді.


ЕНДІ ҚҰЖАТТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ПРОЦЕСІНЕ КӨШЕЙІК

Қазақстан елшілігімен байланысыңыз

Көптеген адамдар мұндай кезде алдымен полиция шақырған дұрыс деп ойлайды. Бірақ, іс жүзінде өзге мемлекеттердегі Қазақстан елшілігі тезірек жұмыс істейді. Сонымен қатар, келген полицияның төлқұжатыңызды табуы қиын болса, қалпына келтіру үшін бәрібір елшілікке хабарласасыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының елшілері қасыңызда болмаған жағдайда шет тілде жазылған қандай да бір хаттамалар мен өзге де құжаттарға қол қоймау қажеттігін ескертеміз!

Мәселен, шетелдің бір қаласында іссапарда жүрген қазақстандық құжаттары бар сөмкесін жоғалтты делік. Ол ертеңіне ұшақпен елге оралуы керек. Бірақ, ұшаққа құжатсыз кіргізбейді. Мұндай жағдайда ол адам елшілікке жүгініп, тиісінше елшілер тәуліктің қай уақыты екендігіне қарамастан құжатын қалпы

Полицияға хабарласыңыз

Егер, елшілікке қандай да бір себептермен хабарласа алмасаңыз, уақыт өткізбей, полицияға хабарласыңыз. Олар әрдайым жоғалған төлқұжатты таба алмауы мүмкін, бірақ құжатты ұрлау фактісін тіркеуі керек. Сосын, полиция сізге оқиға туралы хабарламаны тіркеу туралы құжатты береді. Ол құжатты қалпына келтіруге және елге оралуға көмектеседі.


Мүмкіндігінше көп дәлел жинаңыз

Елшілікке барар алдында жеке куәлігіңізді қалпына келтіру үшін қандай құжаттар қажет екенін анықтаңыз. Олар әдетте мынандай болуы мүмкін:

екі фотосурет;

жеке куәліктің куәландырылған көшірмесі, жүргізуші куәлігі, аңшылық билеті немесе кітапханаға арналған карта, фотосуретіңіз және мөрі бар кез келген құжат;

төлқұжаттың электрондық көшірмелері.

Төлқұжатты тікелей елшілікте, ақылы немесе нотариалды түрде куәландыруға болады.

Егер фотосуреттерден басқа, полицияға және елшілікке көрсететін дәлеліңіз болмаса, онда төтенше жағдайға арналған нұсқа бар. Сіздің қасыңызда екі куәгер болуы керек. Олар сіздің азаматтыңғыңызды растайтын, төлқұжаттары бар екі отандас болуы шарт. Туыстарыңыз, достарыңыз немесе таныстарыңыз болса тіптен жақсы. Оған мүмкіндік болмаса, сондағы қазақстандық туристерді көндіруге тура келеді.

Егер көмектесетіндер табылмаса, Қазақстандағы жақын адамдарға қоңырау шалып, төлқұжатыңыздың көшірмесін факс немесе электрондық пошта арқылы жіберуді сұрауға тура келеді.



ХҚКО-ға барыңыз

Төлқұжатты қалпына келтіріп, Қазақстанға аман-есен оралғаннан кейін сізге ХҚКО-ға бару қажет. Ондағы мамандарға төлқұжаттың ұрланғанын, жоғалғанын немесе теңізге батып кеткенін болса да айту қажет. Құжат ұрланса, Заң бойынша, полицияның ұрыны тауып, түпнұсқаны қайтаруына үш ай уақыт беріледі. Ал, жоғалған төлқұжат 10-14 күн ішінде қалпына келтіріледі.



Дайындаған: Б.мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Туристер неге Түркияның солтүстігіне БАРҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ?


Ғаламшардың ҒАЖАЙЫП үңгірлері