ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДА демалғыңыз келсе, МАУСЫМ айында мына елдер ыңғайлы

0
5 006

Маусым айында саяхаттап, демалғысы келетін адамдарға тиімді бағыттарды ұсынамыз.


ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДА демалғыңыз келсе, МАУСЫМ айында мына елдер ыңғайлы

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Маусым айы – көптеген адамдардың демалысқа шығып, қызықты саяхаттарға жол тарта бастайтын мезгілі. Бірақ, демалысты да жүйелі түрде жоспарлап алған дұрыс шешім болады. Сондықтан, бүгінгі мақалада осы мәселеге байланысты таңдаулы саяхат бағыттарын ұсынамыз.


Жағажай демалысын қалайтындар үшін:


Дубровник, Хорватия

Маусым – Хорватиядағы демалыс үшін ең жақсы ай. Себебі, осы кезеңде ауа райы ашық, жылы болады және тиімді бағадағы қонақүй табу да оңай.


Ал, Адриатикалық теңіз жағалауында орналасқан ежелгі көркем Дубровник туристер арасындағы танымал қала. Онда шомылып, жағажайда күнге қыздырынып, ескі қаланың ортағасырлық архитектурасымен таныса аласыз.

Айта кетейік, дәл осы жерде қазіргі таңда мол қаралымға ие болып жатқан «Тақ ойыны» телесериалының бір бөлімі түсірілген.


Кута, Индонезия



Индонезиядағы сәулетті ғибадатханалар мен сарайларға толы Бали аралынан Сіз сарқырамалар мен жанартауларды тамашалай аласыз. Сонымен қатар, аралдағы танымал Кута демалыс орны қонақтарға Үнді мұхитындағы экстримді демалысты ұсынады.


Амальфитан жағалауы, Италия

Амальфитан жағалауы Италияның оңтүстігінде орналасқан және ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы болып есептеледі. Ал, осы аймақтың және елдің маңызды туристік орталығы — тау баурайындағы түрлі-түсті ғимараттарымен ерекшеленетін Амальфи қаласы.



Жаздың басында Амальфитан жағалауына гүлдеген апельсин мен жасминнің хош иісі жайылады және Тиррен теңізінде қалағаныңызша шомылуға болады.


Миконос, Греция




Эгей теңізіндегі Миконос аралы – Грециядағы ең танымал демалыс аймағы. Мұнда баратын туристерді жағажайлар, керемет қонақүйлер, ақ түсті үйлер мен керемет демалыс күтеді. Сонымен қатар, Миконостың биік нүктелерінде үлкен жел диірмендері орналасқан.


Тель-Авив, Израиль



Тель-АвивИзраильдің мәдени-іскерлік орталығы ғана емес, Жерорта теңізі жағалауындағы танымал демалыс аймағы. Аталған қалаға барсаңыз, теңіз жағасындағы қонақүйлер, таза жағажай, ойын-сауық орталықтары мен дәмді тағамдар ұсынатын мейрамханалар Сіздің тамаша демалысыңыз үшін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, кез келген уақытта елдің басқа қалаларына, киелі орындарына саяхат жасауға болады.


Черногория



Черногория Адриат теңізінің жағасында орналасқан. Егер, Сіз Маусым айында осында барсаңыз, ең алдымен жағажайдағы керемет демалысқа ие боласыз. Сондай-ақ, ортағасырлық көшелерде серуендеп, ежелгі ғимараттарға, ұлттық қорықтарға саяхаттауға болады.


Мысыр



Әрине, Египетте де көптеген ойын-сауық бағдарламалары мен экскурсиялар бар, бірақ олар жағажайдағы ұмытылмас демалыспен бәсекелес бола алмайды. Маусым – Мысырдағы теңіз демалысы.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Саяхатқа жалғыз шығудың қандай ерекшеліктері бар?


Шымкенттегі танымал дәмханалар