ТМД елдеріне саяхат: Бұл тізімде Қазақстан бірінші орында тұр

0
3 848

ЕҢ ТИІМДІ БАҒЫТТАР


ТМД елдеріне саяхат: Бұл тізімде Қазақстан бірінші орында тұр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Соңғы жылдары әлем саяхатшылары арасында ТМД елдері де танымал бола бастады. Ол елдердегі туристік бағыттар тізімінде көне, тарихи нысандар, сәулет өнерінің ғажайыптары, тылсым табиғат, жалпы талғам сай келетін таңдаудың бәрі бар. Солардың арасындағы ең үздік деп танылғандарына тоқталып өтсек.


Нұр-Сұлтан және Алматы, Қазақстан

Қазақстан – қалалық әрі табиғи ландшафтарымен ерекшеленетін ел. Мысалы, заманауи сәулет туындыларын көргіңіз келсе, ел астанасына, ал табиғат ғажайыптарын тамашалап, тау баурайында демалам десеңіз, Алматыға баруға болады. Бұл екі мегаполиске шетелден келетін қонақтар да өте көп.


Юрмала, Латвия

Рига теңізінің жағалауында демалу – кеңес заманында өмір сүрген адамдардың бір арманы болған. Сондай-ақ, Юрмалаға тек жағажай демалысы үшін емес, ну орманда серуендеу үшін келетіндер де көп болыпты. Тіпті, қазірдің өзінде ондағы XIX ғасырда салынған ағаш виллаларды жалдап демалатындар жиі кездеседі.


Ыстықкөл, Қырғызстан

Ыстықкөл көлі ерекше климаты және бальнеологиялық курорттарының арқасында көпшілікке танымал болған. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары ашылған сауықтыру орталықтары ауаны иондау және тұзды үңгірлерді денеге жағымды әсер ету үшін қолдануды әлі де жалғастыруда. Сонымен бірге, оларды заманауи галокамералармен жабдықтағандары да бар. ауыстырды. Қырғызстанның тағы бір ерекшелігі – ол жақта бір жылдың 300-ге жуық күнінде ауа райы жылы болып тұрады.


Бұхара, Өзбекстан

Ежелгі сауда жолдарының қиылысында орналасқан Бұхара бүгінгі күнге дейін ортаазиялық сауда астаналарының бірі болып келеді. Сондықтан мұнда келген туристерді көбіне дәстүрлі кілемдер, керамикалық бұйымдар қызықтырады. Ал, базар алаңы ежелгі дәуір секілді бекініс қабырғаларының етегінде орналасқан. Сосын, қай бағытқа беттесеңіз де алдыңыздан медресе, мешіттерді кездестіресіз.


Баку, Әзірбайжан

Баку қаласы кез келген талғамға сай келеді. Әсіресе, ондағы биік мұнаралардан Каспий жағалауының панорамасын тамашалаған ғажап. Сонымен қатар, таулы аймақтарға серуендеу тамаша нұсқа болады.


Казбеги, Грузия

Туризм тұрғысынан Грузия ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда едәуір алға шықты. Жазда туристер Батуми жағажайларына, күзде Кахетияның ормандарына, қыста Гудаури тау шаңғысы беткейлеріне, ал көктемде керемет Казбегиге көптеп барады. Бұл аймақта көркем Дарьял шатқалы орналасқан және «Грузия әскери жолы» салынған. Бірнеше жыл бұрын мұнда келетін турист көбейгесін Kazbegi қонақ үйі бой көтерді. Оның террасасынан Казбеги шыңы керемет көрінеді. Тауға шығуға ниеттенсеңіз, грузиялық нұсқаушылар мен гидтер көмектесуге дайын тұрады.


Кишинев, Молдова

Молдова астанасы да ерекше назар аударуға тұрарлық бағыт. Мұнда әлемдегі ең дәмді әрі жертөледе ұзақ уақыт бойы сақталған Carpe Diem, Chisinau және Moldova шараптарынан дәм тата аласыз. Тіпті, шарап жасау курстарына қатысуға да болады. Сонымен қатар, молдавалық ұлттық тағамдар да ұнайтыны анық.


Ереван, Армения

Армения деген сөз айтылғанда туристердің ойына қонақжайлылық, ежелгі ел, дін және гастрономия ұғымдары түседі. Себебі мұндағы әр адам қонақты жылы шыраймен қабылдайды. Ал ежелгі ғибадатханалар тарих пен дін, Ереванның мейрамханалары мен кафелері гастрономиядан сыр шертіп тұрады. Тіпті ең қарапайым асханасының мәзірінде бірнеше бет болады. Сонымен қатар, Еревандағы Паражанов мұражайын аралап, Гегардаванк монастырына барып, Араратты тамашалай аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Адамдар неге Шри-Ланкаға құмар? Оның себебі бар

РАМАЗАН айындағы саяхат: Сіздің мұны БІЛІП АЛҒАНЫҢЫЗ ДҰРЫС!