Жанартауды көргісі келетіндер ОСЫ ЕЛДЕРГЕ баруы керек!

0
4 313

Әлемдегі ең танымал әрі белсенді жанартауларды тамашалаудың өзі бір ғажап!


Жанартауды көргісі келетіндер ОСЫ ЕЛДЕРГЕ баруы керек!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жер үнемі қозғалыста. Ал, сол жердегі әрдайым қайнап тұратын жаңартауларды жақыннан көру сізді қызықтыра ма? Қызықтыратын болса, бір саяхатыңызды сол тынымсыз орындарға арнаңыз. Жалпы, жер бетіндегі жанартаулардың 75%-ы Тынық мұхитындағы ұзындығы 40 000 шақырым болатын "от сақинасы" бойында орналасқан. Әзірге сол жанартаулармен виртуалды түрде таныса отырыңыз.


Фиммервердюхаулс, Исландия

Фиммервердюхаулс (Fimmvörðuháls) — Исландияның оңтүстігінде орналасқан жер. Оның атауы исланд тілінде "бес тау жотасы"дегенді білдіреді. Ал, туристер арасындағы танымал Фиммервердюхаулс бағыты (Fimmvörðuháls) — Атлант жағалауына дейін 3 ерекше ландшафтты айналып өтетін 22 шақырымдық экспедиция. Олар: жасыл мүкпен жабылған жанартау топырағы, Mýrdalsjökull және Eyjafjallajökull мұздықтары, биіктігі 1651 метр белсенді жанартаудың кальдерасын жауып тұратын мұзды қақпағы бар және 26 сарқырамасы бар жасыл шалғындар. Олардың көбісіне Исландиядағы ең танымал және әлемдегі ең әдемі болып табылатын Лаугавегур бағыты бойынша жетуге болады.



Бромо тауы, Индонезия

Бромо тауы – Индонезияның үлкен алқабының орталығында орналасқан "құм теңізі" деп аталатын белсенді жанартау. Биіктігі 2329 метр болатын Бромо тауы ең биік тау болмағанымен, Индонезиядағы ең танымал жанартау. Бұл жерге бару үшін алдымен Пенанджакан тауындағы бақылау палубасына аялдама жасап, "құм теңізі" алқабын кесіп өтеді де Бромо тауының кратеріне апаратын баспалдақпен көтеріледі.



Эрта-Але, Эфиопия

Эрта-Але жанартауы – әлемдегі ең қорқынышты көріністердің бірі болғанымен, қайнаған лава көлінің жағасына оңай жетуге болады. Аптап ыстықтың ең қарқынды кезеңінен аулақ болу үшін (бұл планетадағы ең ыстық жерлердің бірі екенін ескере отырып) және түнгі көріністен ләззат алу үшін серуенді кешке бастаған дұрыс. Бұл жерге баратын адам міндетті түрде гидтің көмегіне жүгінуі қажет. Сонымен қатар, жел тұрып, кенеттен улы бұлт көөке көтерілгенде бетперде тағуды ұмытпау керек.



Питон-де-ла-Фурнез, Реюньон аралы

"Питон-де-ла-Фурнез" Реюньон аралының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі болып саналады. Алғашқы атқылауы шамамен 50 000 жыл бұрын болған және жазбаларда 1640 жылы атқылағаны және жалпы 180 рет атқылағаны айтылған. Соңғы атқылау 2019 жылы болды.



Фуджияма тауы, Жапония

Фуджияма тауы (сонымен қатар, Фуджи-сан деп те аталады) биіктігі 3776 метрді құрайтын Жапонияның ең биік нүктесі. Бұл 1707 жылы пайда болған қазіргі стратоволкан. Татеяма мен Хаку тауларымен қатар, бұл ғасырлар бойы туристерді қызықтырған Жапонияның үш қасиетті тауларының бірі болып келеді. Талай суретші мен ақындарды шабыттандырған бұл орынды 2013 жылы ЮНЕСКО мәдени ескерткіш ретінде Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізді.


Сары тас, АҚШ

Он жеті миллион жыл бұрын Америка Құрама Штаттары аумағында Невада, Орегон және Айдахо атты үш жанартаудың белсенділігі басталған. Yellowstone деп аталатын бұл аймақта үш жанартаудың бірі атқылап, әлемдегі ең үлкен жанартаулардың бірі болған. Yellowstone аумағы іс жүзінде тұрақты қозғалыста. Дегенмен, сарапшылар жақын арада атқылау болмайды деп санап, ол аумаққа "hotspot" атты саябақ салынып жатыр. Саябақ өзінің геотермалдық көзі, яғни "ескі Файтфул" гейзерімен танымал. Сонымен қатар, саябақты ну орманы оны АҚШ-тағы ең үлкен және әйгілі орынға айналдырып отыр. Онда қазір көптеген жануарлар аю, гризли, қасқыр, бизон сынды жануарлар мекендейді.



Тейде тауы, Испания


Тейде тауы – Тенерифедегі Канар аралдарында орналасқан белсенді жанартау. Биіктігі 3718 метр болатын ол Испанияның ең биік нүктесі саналады. Ондағы соңғы атқылау 1909 жылы тіркелген. Тейде ұлттық саябағы – Испания мен Еуропадағы туристер ең көп баратын ұлттық парк. Ол 2007 жылы дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әлемдегі ЕҢ ҚАУІПТІ жағажайларды білесіз бе?


Әлемдегі ЕҢ ҒАЖАЙЫП саябақтар