Жүріс арбасын қолданғандарға 100.000$ АЙЫППҰЛ салып, ТҮРМЕГЕ қамайтын ел бар

0
1 585

Біз өмір сүретін әлемде таңқаларлық дүние көп. Мысалыға әр елдің ерекше мәдениетін, салт-дәстүрлері, ережелері мен заңдарын айтсақ болады.


Жүріс арбасын қолданғандарға 100.000$ АЙЫППҰЛ салып, ТҮРМЕГЕ қамайтын ел бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кейбір елдердегі заңдылықтар өздері үшін әділ әрі орынды болғанымен, басқалар үшін оғаш және күлкілі болып көрінеді.


Канадада «ходунокқа» тыйым салынған. Бұл елдің заңы бойынша бұл құрал баланың қалыпты дамуына – буындарына, сүйектері мен бұлшық еттерінің дұрыс өсуіне зиян. Егер, Канададағы бір үйден жүргіштер табылса, онда отбасына 100 000 доллар айыппұл салынады, тіпті іс жарты жылға түрмеге қамауға дейін жетуі мүмкін.


АҚШ-тың Айова штатында бейтаныс адамның назарын бұруға тыйым салынған. Мысалы, бейтаныс әйелге қарап ымдасаңыз, Сізді жаза күтіп тұр.

Австралияда еркектерге көйлекті ішкиімсіз киюге болмайды. Яғни, қоғамдық орында көйлекті ішкиімсіз киген ер адам заңбұзушылық жасаған болып есептеледі.


Италияның Капри қаласында табаны қатты аяқкиім киюге тыйым салынған. Бұл – қоғамдық орындағы қауіпсіздікті сақтау үшін қабылданған ереже.


АҚШ-тың Теннесси штатында сервистердің құпия сөзін бөлісуге болмайды. 2011 жылы Теннессиде кино көруге арналған Netflix сияқты ғаламтор сервистерінің әр адамға берілетін құпия сөзін бөлісуге болмайды деген заң қабылданған. Бұл заңды бұзу – ұрлықпен теңестіріледі.


АҚШ-тағы Делавэр штатындағы әйелдер ерлерге неке туралы ұсыныс жасай алмайды.


АҚШ-тың Флорида штатында әйелдерге жексенбі күні шектен шығып көңіл көтеруге тыйым салынған. Ал, тәртіп бұзушылар айыппұл төлеп, тіпті түрмеге қамалуы мүмкін.


Италиядағы Эболи аймағында көлік басқарып келе жатып сүйісуге болмайды. Ол үшін 500 евродан аса айыппүл салынады.


Вашингтонда сұрықсыз, асау аттармен жүруге тыйым салынған. Егер, тыйымды бұзсаңыз, айыппұл төлейсіз.


Нью-Джерсидегі кез келген мейрамханада сорпаны сораптап ішуге болмайды.


АҚШ-та Юта аймағында скрипканы қағаз пакетке салып жүруге тыйым салынған.


Ал, Барбадоста камуфляж киім киюге болмайды. Өйткені мұндай киімді тек есірткіге қарсы күрес немесе Барбадос Қарулы Күштері ұйымының мүшелеріне ғана киюге рұқсат етілген.


Канададағы Табер қаласында қоғамдық орындарда айқайлағаныңыз үшін 150 доллар айыппұл салынады.


Сауд Арабиясында қоғамдық орындарда музыка тыңдауға тыйым салынған. Тіпті, мектептер мен институттарда да музыка сабағын оқытпайды.


Ал, Германияда жолда келе жатқан көліктің жанармайы таусылып қалса, жүргізушіге өзге көліктерге кедергі келтіргені үшін айыппұл салынады.


Қытайдағы тибеттік буддисттерге биліктің рұқсатынсыз ғибадат жасауға болмайды.


Румынияда Скрэббл ойынына тыйым салынған. Бұл заңды 80-жылдардағы румын Президенті Николай Чаушеску ойынның интеллектуалды және қызуқандылыққа соқтыратыны үшін қабылдаған.


90-шы жылдардың соңында Ферби ойыншығы өте танымал болған кезде, Ұлттық қауіпсіздік агенттігі бұл электрондық ойыншыққа тыйым салған. Себебі ол ойыншық тыңшылыцққа қатысты болып шыққан.


Францияда түскі ас кезінде мектеп және колледж оқушыларына кетчуп қолдануға тыйым салынған. Бұл – қант тұтынуды азайтуға, сондай-ақ дәстүрлі асүйді қорғауға бағытталған шара.


Үндістанда шетелдіктерді іс-шара немесе кешке шақыруға болмайды. Ал, маңызды іс-шараға шақыру үшін биліктен рұқсат алу керек.


Ұлыбритания ауруханаларының қызметкерлеріне жұмыста шай немесе кофе ішуге тыйым салынған. Себебі, олар жұмыс уақытында тынбай қызмет етуі керек.


Ал, Бурундида достармен бірге жүгіруге тыйым болмайды екен. Ал, екі немесе одан да көп адамның бірге жүгіруі митинг белгісі болып саналады.

АҚШ-тағы Вермонт жерінде әйелдерге тіс протездерін киюге тыйым салынған. Ал, оны қолдану үшін күйеуінің жазбаша рұқсаты қажет екен.


Әлемде талай қызық бар!


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қазақстанның қай жерінде шаңғы тебуге болады?

Жаңа жылда ӘДЕТТЕГІДЕЙ демалудан ШАРШАДЫҢЫЗ ба?