“Мейрамбек жай-пай киноға келе бермейді негізі, таңдап келеді”, – деп мақтанды.
Режиссерлікке бет бұрған Бүркіттің алғашқы кинокартинасы сәтті шықты деу қиын. Өткен жылы көрерменге жол тартқан “Апан” фильмін киносыншылар да, көрермендер де жаппай сынға алған болатын. Бүркіттің тырнақалды туындысы кассалық жиналым жағынан да үздіктер көшіне ілесе алмады.
Дегенмен Бүркіт бір фильммен тоқтап қалмақ емес, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Режиссерліктің қыр-сырын тереңінен меңгеруге кіріскен ол екінші кинокартинаның түсіріліміне кірісті. Экшн-комедия жанрында түсіріліп жатқан фильм “Загадай желание” деп аталады.
Аталған кинофильмде Бүркіттің жиен қарындасы, танымал желі жұлдызы Әсел Асқар, Саят Исембаев, Абунасыр Серіков, тіпті режиссердің жары Аиша да бой көрсетеді. Сондай-ақ, ән әлемінің патшасы атанып кеткен Мейрамбек Бесбаев та фильмге түскен. Бұл туралы Мейрамбек:
“Балықты жек көретін адаммын, балық жемеймін. Бірақ кинода балық аулайтын эпизодқа түсу бұйырғанын көрмейсің бе?” – деді.
Ал кинокартина режиссері Бүркіт:
“Мейрамбек жай-пай киноға келе бермейді негізі, таңдап келеді”, – деп мақтанды.