2022-2023 оқу жылында мектеп ішінде және мектепке жататын аумақта оқушыларға қатысты қылмыс орын алмаған

0
386

Мектептердің алдарындағы жолдардың 95 пайызға жуығына көше жарығы орнатылған.


2022-2023 оқу жылында мектеп ішінде және мектепке жататын аумақта  оқушыларға қатысты қылмыс орын алмаған

Шымкент қаласында арнайы бекітілген полиция қызметкерлері оқушылардың сабаққа қауіпсіз келіп кетуін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті таңертеңгі, түскі және кешкі ауысым кезінде мектептердің алдында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында қызмет атқаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2022-2023 оқу жылында мектеп ішінде және мектепке жататын аумақта оқушылармен және оқушыларға қатысты қылмыс орын алмаған.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» тақырыбында сарапшылық талдау кезінде айтылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесулер өткізіп, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың заңды жауапкершіліктерін және қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшелерде және бөгде адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болатын және бақылаусыз көшеде жүретін балаларды анықтау бойынша түнгі профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2023-2024 жылдың оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы бойынша 150 мемлекеттік, жол бойында орналасқан 25 жекеменшік жалпы орта білім беру мекемелерінің алдындағы сызылған жаяу жүргіншілер өтпелерінің жол таңбаларын толығымен жаңартылды.

Сонымен қатар, 12 мектептің алдында орнатылған жасанды бұдырлық техникалық құралы жаңартылып, 5 мектептің алдына ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40 км/сағат, абайлаңыз балалар! жол белгілері орнатылды.

Бұдан бөлек мектептердің алдарындағы жолдардың 95 пайызға жуығына көше жарығы орнатылған.

Пилоттық жоба бойынша Қарабастау тұрғын алабындағы Қамбарұлы көшесінің бойында орналасқан №99 мектеп алдына «vision zero» жоғарылатылған жасанды жол кедергі орнатылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің есебінде қаладағы 941 білім беру мекемесі тіркелген. Бұл мекемелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жүргізілген бақылау мен қадағалау және субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.