Аталған сайыста 20 отбасы бақ сынады.
Шымкентте 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ерекше шара өтті.
Бұл жолы қаланың спорт мектептерінің қызметкерлері мен олардың жанұялары жеңіл атлетикалық манежде бас қосып, отбасылық эстафета сайысына қатысты. Жарысқа барлығы 20 отбасы қатысты, және бұл сайыс бұрынғыдан ерекше болды. Бұл шараның мақсаты - көшпенділердің рухы мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Еске салсақ, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар орталық азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне кіреді.
8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.