Партияның басты міндеті – азаматтардың мәселелерін тыңдау, оларды шешу жолдарын қарастыру және әлеуметтік жағдайларының жақсаруына қолдау көрсету. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесуді басты мақсат етіп қойып, өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Шыңғыс Қозбахов азаматтарды жеке қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың дені әлеуметтік көмек сұрағандар болды.
Тұран-2 шағын ауданының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі жұмыс табу мәселесін көтерді. Азамат кіріс болмағандықтан өмір сүру деңгейінің күрт төмендегенін айтып, депутаттан көмек сұрады. Депутат оның мәселесімен танысып, оны «Табысқа апарар жол» акциясына қатысуға шақырып, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдауды алу үшін Кәсіпкерлік басқармасының бақылауына алынатынын түсіндірді. Бұл бағдарлама аясында азамат кәсіп ашуға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер ала алады.
Шыңғыс Қозбаховпен кездескен тағы бір тұрғын – жалғыз басты ана өз қиын жағдайын баяндап, Тассай елдімекенінде орналасқан жатақхананы жекешелендіруді сұрады. Депутат бұл мәселеге қатысты мұқият зерделеу жұмыстарын жүргізетінін айтып, тиісті мемлекеттік бағдарламамен көмек көрсетілетінін жеткізді. Мұндай жағдайларда заңды жолмен шешім қабылдау өте маңызды екені атап өтті.
Қабылдауға келген тағы бір азамат несие алып, оны төлеуде қиындықтарға тап болғанын жеткізді. Әсіресе, жеке баспана мәселесі оған қаржы тапшылығынан шешілмей отырған. Бұл мәселені тыңдаған депутат, азаматқа өз қаражаты есебінен бір реттік қаржылай қолдау көрсететінін айтты.
Шыңғыс Қозбаховтың айтуынша, партияның басты міндеті – азаматтардың мәселелерін тыңдау, оларды шешу жолдарын қарастыру және әлеуметтік жағдайларының жақсаруына қолдау көрсету. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесуді басты мақсат етіп қойып, өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.