​«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: депутаттан көмек сұраған тұрғындардың мәселесі жерде қалмайды

0
99

Қабылдау барысында тағы бір өзекті мәселе көтерілді: елдімекенде қаңғыбас иттер мен мысықтар жүріп, адамдарға қауіп төндіруде. Азаматтар осы мәселені шешуді сұрап, тиісті шаралар қабылдауды талап етті.


​«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: депутаттан көмек сұраған тұрғындардың мәселесі жерде қалмайды

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Бөкейхан Абишев азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында депутат тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдап, олардың шешілу жолдарын талқылады.

Кезекті қабылдауға 176 орамның бір топ тұрғыны келіп, жолаушылар тасымалы мен жол жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Тұрғындардың айтуынша, №16 және №43 бағытындағы қоғамдық көліктер елдімекеннің сыртынан айналып өтіп кетеді, бұл орам тұрғындары үшін үлкен қолайсыздық тудырады. Олар автобустардың ішкі көшелермен жүріп өтсе деген өтініш білдірді.
Сонымен қатар, 176 орамда жол белгілерінің жоқтығы да азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Тұрғындар жол қозғалысын реттейтін белгілердің орнатылмағанын айтып, бұл жағдайдың тұрғындардың күнделікті өміріне әсер ететінін жеткізді.
Қабылдау барысында тағы бір өзекті мәселе көтерілді: елдімекенде қаңғыбас иттер мен мысықтар жүріп, адамдарға қауіп төндіруде. Азаматтар осы мәселені шешуді сұрап, тиісті шаралар қабылдауды талап етті.
Депутат Бөкейхан Абишев аталған мәселелерді мұқият тыңдап, әрбір жағдайды жеке қарастыруға уәде берді. Ол азаматтардың жан-айқайын тиісті басқармаларға жеткізіп, мәселелердің шешілуіне ықпал ететінін атап өтті.
Қабылдау соңында Бөкейхан Абишев тұрғындарға өз құқықтарын қорғау және партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы өз талаптарын жеткізу мүмкіндігі бар екенін ескертті. Осылайша, партия мен депутаттар халықтың пікірін тыңдап, олардың мәселелерін шешуге ұдайы көңіл бөліп келеді.
Бөлісу