Арыс тұрғындарына өнер майталмандары да көмек көрсетуде.
Елімізге белгілі өнер жұлдыздары лек - легімен Арыс қаласына қарай ағылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәдениет және спорт министрінің тапсырмасымен Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындар мен әскерилерге көмек көрсетіп, қолдау білдіру үшін Алтынбек Қоразбаев, Майра Ильясова, Мөлдір Әуелбекова, Нұрлан Албан, Ернар Айдар, Алмас Алтынбеков сынды бірқатар әншілер келді.
Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреалі, т.б. әншілер де жолға шыққан. Олардың аз уақытта Шымкенке келетіні хабарланды.