Қазақстан мен шет елдердің 15-ке тарта академиялары мен ЖОО-ның академигі және құрметті профессоры.
Шымкент қаласында «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында педагогикалық ғылымдарының докторы, академик Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновпен кездесуі өтті.
Ашық дәріс Шымкент қаласы С.Нұрмағамбетов атындағы №72 ЖОББМ базасында өтті.
Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов Германияның Доктор-инженері (1979), педагогика ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999), Педагогика Ғылымдар Академиясының президенті, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001), «Парасат» орденінің иегері (2019), «Педагогика ғылымын дамытудағы еңбегі үшін К.Д.Ушинский медалімен (Ресей, 2007) марапатталған.
Қазақстанда Салыстырмалы педагогика (СП) ғылымының негізін салған, Бүкілдүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің (СББҚИ) (2006) және Оңтүстік шығыс Азия елдерінің СББҚК (2009) Ақтарушы комитетінің мүшесі, Есімі Халықаралық салыстырмалы білім беру энциклопедиясына енген (2011) және Әлемдегі көшбасшы компаративист ғалымдарының қатарына жазылған (А.Н.Джуринский, СП. М., 2013, 26 б.).
Қазақстан мен шет елдердің 15-ке тарта академиялары мен ЖОО-ның академигі және құрметті профессоры. 250-ден аса ғылыми еңбектерінің авторы. Жеке өзі 3 оқулықтың, 7 монография, 4 кітап, 100-ге тарта ғылыми мақалалар және БАҚ-қа 130-ден аса мақала жазған. Scopus және Web of журналдарына 10-нан аса мақаласы жарияланған.
Ашық дәріске әдістемелік орталық басшылары, әдіскерлер, ата-аналар комитетінің жетекшілері, білім мекемелерінің бірінші басшылары, директор орынбасарлары, жалпы саны 500-ден астам педагогтер қатысты.