«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үш тағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
Қаратау ауданы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар
өтті.
С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылған «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ» атты семинарға директордың тәрбие орынбасарлары қатысты.
Семинарды Шымкент қаласы білім басқармасы Қосымша білім беру оқу салалық орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Сүлейменова Гүлмайра Әлімханқызы ашып, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұнына,оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне тоқталды.
Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбиенің жаңартылған парадигмасы, тәрбиенің қазіргі беталысы және құндылықтар жүйесі, тәрбие құндылықтары негізінде «ДОСБОЛLIKE» жобасы іске асыру, ата-аналарды қолдау орталығы аясында жүргізілетін жобалар мен іс-шаралардың жоспары, сонымен қоса мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен жобалар мен іс-шаралар талқыланды. Семинарды Қаратау ауданы бойынша координатор, тренер, С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманбай Гүлбақыт Тайжанқызы жүргізді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны, құндылықтар жүйесі, тәрбие үш тағанының идеологиясы, түйінді идеясы, іске асыру механизмдері мен әдіснамалық негіздері туралы ақпарат берілді.