Биыл Шымкенттегі 10-ға жуық көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі

0
500

Тұрғын үйлердің шатыры, кіреберіс алаңы, жертөлесі және қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


Биыл Шымкенттегі 10-ға жуық көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі

2023 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы 8 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан аумағындағы 926 көпқабатты тұрғын үйлердің 40% ескірген үйлер.
2023 жылы 8 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберіс алаңы, жертөлесі және қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Атап айтқанда:
Күншығыс шағын ауданы, №11;
• Күншығыс шағын ауданы, №14;
• Күншығыс шағын ауданы, №40;
• Теріскей шағын ауданы, №31;
• 17 шағын аудан, №14;
• 17 шағын аудан, №16А;
• 18 шағын аудан, №53;

• Ғ.Іляев көшесі №113/5.

Сондай-ақ, биыл коммуналдық меншіктегі 20 тұрғын үйге қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Былтыр қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылды. Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде жүргізілетін болады.

Айта кетейік, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылуда. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп, бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қала басшысы жауаптыларға реновация бағдарламасының ережесін қайта қарауды және инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіп, тиімді ұсыныстар дайындауды тапсырды. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр. Бағдарлама шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі.