"Болашақ" түлегі «SHYMKENT» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

0
3 928

ОЛ ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі.


«SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып «Болашақ» стипендиаты Рашид Аюпов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ «SHYMKENT» ӘКК» АҚ қызметіне сілтеме жасап.

Рашид Аюпов, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнының түлегі, мемлекеттік басқару магистрі. Әр жылдары ҚР Үкіметінде сектор меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығының» директоры, Премьер-Министр кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадрларды басқару секторының меңгерушісі, «ҚазАльянс» шетелдегі қазақстандықтар бірлестігінің президенті, Шымкент әкімі аппаратының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының ҚР Үкіметіндегі өкілі, партияның ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі қызметін атқарған. Тағайындалғанға дейінгі қызметі - Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі.