Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкентке келді

0
742

Жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.


Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкентке келді

Дін істері комитеті жанынан құрылған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы Шымкент қаласына келіп, дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Топтың жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар тартылды.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қаладағы «Жаңа мешіт», «Қаттани», «Амоли Солих», «Әл-Біләл» мешіттерінің жамағаттарымен, «Сайрам» колледжінің, «Авиценна» медициналық колледжінің студенттерімен, «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыссыздарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ №167/1 терроризм және экстремизм баптары үшін сотталған азаматтармен де кездесу ұйымдастырды.
Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, дін саласындағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ арасында дәстүрлі діни сананы қалыптастырудағы тиімді және жүйелі жұмыс бойынша жаңа әдістер, идеялар мен ұсыныстар, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс кезінде тәжірибе және арнайы дағдылар алмасу мәселелері талқыланды.