Екі миллион теңге парамен ұсталған шымкенттік экс-прокурорға сот үкімі шықты

0
2 159

Экс-прокурор Тоқтар Төлешовтың сотына мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан.


Екі миллион теңге парамен ұсталған шымкенттік экс-прокурорға сот үкімі шықты

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты экс-прокурорға қатысты үкім шығарды. Сот тергеуі кезінде экс-шенді жоғары лауазымын пайдаланып заңсыз әрекеттерге барғаны анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дәлірек айтқанда, құқық қорғау органдарына сабылып, істі болған азаматтың жазасын жеңілдетіп беремін деген уәдемен бұл қызметі үшін 2 100 000 теңге ақша алмақ болған. Прокурор ақшаны алып тұрған сәтінде құрықталған. Тергеу барысында прокурор өз кінәсін толық мойындаған. Сөйтіп прокуратурмен процессуалдық келісімге келген. Оған ҚР ҚК нің 24 бабының 3-ші бөлігімен, 190 бабының 3-ші бөлігімен айып тағылған.

Процессуалдық келісімге келгені ескеріліп, айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Яғни, заңсыз алмақ болған ақшаның жеті еселенген көрсеткіші - 14 700 000 теңге төлеуге міндеттелді. Сот үкімі заңды күшіне енген.

Айта кету керек, экс-прокурор Шымкенттегі шулы істерге қатысқан мемлекеттік айыптаушы ретінде белгілі. Шымкенттік сыра падишахы атанған Тоқтар Төлешовтің сотында, еліміздің ең ірі кәсіпкерлерінің бірі Серікжан Сейітжановтан 7 млн доллар бопсалаушылардың ісінде де экс-прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан болатын.