«I-Shymkent.kz»: Шымкентте қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал жұмыс істейді

0
281

Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізілуде.


«I-Shymkent.kz»: Шымкентте қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Шымкентте қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал жұмыс істейді.

Бұл туралы «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» өткен брифингте Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшыс Кемелов Мұхит Әбуталипұлы баяндады.

Спикердің сөзінше, «I-Shymkent.kz» - Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал. Орталық атқарушы органдарының деректер базаларымен интеграциялау жұмыстарын жүргізу үшін «I-Shymkent» порталын ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан өту қажеттілігі туындаған.

2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «i-Shymkent» порталына жасалған 2 шабуыл «ОЦИБ» арқылы уақытылы тоқтатылды және Әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердегі жұмыс станцияларынан 30987 вирус жойылды. №832 қаулыға сәйкес аудан әкімшіліктерінде серверлік/кросстық үй-жайларда және ішкі кабельдік жүйелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс станцияларына құпия ақпараттың таралуына жол бермейтін арнайы жүйе орнатылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын. Осыған орай, «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу индикатор көрсеткіші белгіленген.

«Shymkent IT HUB» - білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметі HUB Технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған. Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны жеке инвестор есебінен немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделуде.

«Astana IT HUB» технопаркі және Әкімдік арасында 2 тоқсан қорытындысымен меморандум жасалынып, техникалық ашылу ісі жоспарлануда.