​«ІСКЕР ҚАЛА»: Шымкентте 257 жобаға қолдау көрсетілді

0
1 291

Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 721,7 млрд теңгеге арттыру жоспарлануда.


​«ІСКЕР ҚАЛА»: Шымкентте 257 жобаға қолдау көрсетілді

Шымкентте «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 257 жобаға қолдау көрсетілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов баспасөз брифингінде айтып өтті.

– Есепті кезеңде 130 104 іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеуде. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 2023 жылы 19,7 млрд теңгеге 3000 жобаға қолдау көрсету жоспарланған болатын. Жарты жылдағы жағдай бойынша 14,1 млрд теңгеге 3591 жобаға қолдау көрсетілді,– деді басқарма басшысының орынбасары.
9 айдың қорытындысы бойынша қалаға 434,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9 пайызды құрады. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 721,7 млрд теңгеге арттыру жоспарлануда. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 айда 764,3 млрд теңгеге жеткен.