«Қайырымдылық керуені»: Шымкентте республикалық форум басталды

0
934

Аталмыш шараға республика бойынша барлық өңірден 100-ге жуық бала қатысып жатыр.​


«Қайырымдылық керуені»: Шымкентте республикалық форум басталды

Шымкент қаласында Республика күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты республикалық форумы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған форум Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өтуде.

«Қайырымдылық керуені» форумының мақсаты - балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін тәрбиелеу және дамыту. Сонымен қоса, тұлғаның үйлесімді дамуы және қазіргі қоғам жағдайында сәтті әлеуметтену үшін қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өткізіліп жатыр.

“Бүгін Республика күніне орай, Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы бастау алды. Оған республика бойынша 100-ге жуық бала келді. Форум екі күнге созылады”, - деді “Қоғамдық келісім” РММ аға сарапшысы Абдужаббаров Мақсадбек Хусанович.

Бүгін форумның алғашқы күнінде мүмкіндігі шектеулі балалар Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен қаланың көрікті жерлерін аралады. Соның ішінде қалалық хайуанаттар бағына барды.

“Біз Шырайлы Шымкентте өтіп жатқан «Қайырымдылық керуені» форумына Талдықорған қаласынан 5 адам болып келдік. Ең алдымен осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымымды айтқым келеді. Бүгінгі күн балаларға қатты ұнап жатыр. Атап айтқанда қалалық хайуанаттар бағы балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады”, - деді Талдықорған қаласы, Есту қабілеті бұзылған мектеп-интернатының әлеуметтік педагогі Елубайқызы Раушан.

Аталмыш шараға республика бойынша барлық өңірден 100-ге жуық бала қатысып жатыр.

“Біз Ленгер қаласындағы “Құлағы нашар еститін балалар мектеп-интернатынан” келдік. Бізді жақсы күтіп алды. Қазір күшті қыдырып жүрміз. Ұйымдастырушыларға көп рақмет!, - деді форумға қатысушы Амантай Аяулым.

Айта кетейік, «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы 2 күнге жалғасады.