"Кемел адам": Шымкентте рухани-танымдық кеші өтті

0
1 264

Рухани кеште автордың «Кемел адам» атты кітабының тұсауы кесілді.


Шымкентте дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының "Кемел адам" атты рухани-танымдық кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кемелденген адамның жеке қасиеттері, ерекшеліктері мен қазақ ойшылдарының зерделі пайымына негізделген кездесу көпшілікті жан-жақты жетілуге шақырады.
Рухани кеште автордың «Кемел адам» атты кітабының тұсауы кесілді. Автордың бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамдардың қасиеттері, жетістікке жетудің жолдары мен тұлғалық дамудың тетігі айтылады.
Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндірілсе, екінші бөлімде тән саулығының маңыздылығы, денсаулықты күту жолдары баяндалған. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану тәсілдері, төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық және табысты нәтижелі жұмсаудың бағыты айтылған. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты баяндалған.
Адамзатқа ортақ құндылықтарды қазақы түйін мен дін арқылы жеткізген шығарма осылайша оқырманға жол тартты.