Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен кафе "Қыз ұзату" ұйымдастырған.
ERNUR.KZ. "Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп жазады Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желілерде жарияланған тойдың видеосы Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген болып шықты. Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен кафе "Қыз ұзату" ұйымдастырған.
"Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады.
Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", - деп уәде берді департамент өкілдері.
Сондай-ақ, департаменттегілер "Коронавирус, кет, кет кет" орындаушысының Azattyq-ruhy.kz жариялаған тойдағы видеосын көрсетті. Кадрлардан Марат Омаров, Сабина Алтынбекова және басқа да кештің қонақтарын байқауға болады.