«Құқықтық көмек» тұрғындарға тегін кеңес алуға мүмкіндік береді

0
149

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері халыққа заңдық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында алдағы уақытта да осындай шараларды өткізуге ниетті екендігін атап өтті.


«Құқықтық көмек» тұрғындарға тегін кеңес алуға мүмкіндік береді

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен «Құқықтық көмек» шарасы азаматтарға заңды мәселелері бойынша тегін кеңес алуға мүмкіндік берді.

Аталмыш шарада тәжірибелі адвокаттар мен заңгерлер тұрғындардың құқықтық мәселелерін тыңдап, тиісті кеңес берді.

Шараға адвокаттар Ерлан Тлеуов, Шолпан Жолдасова, «Zangerler Palatasi» заң консультанты Мұрат Идирисов және Әділет департаментінің бөлім басшысы Дина Ботан қатысты. Олар азаматтарды жеке қабылдап, олардың даулы мәселелерін тыңдап, нақты заңдық көмек көрсетті.
Қабылдауға келген азаматтардың көбі несие мәселелерімен бетпе-бет келіп, құқықтық көмек сұраған. Арасында алаяқтардың арбауына түсіп, несиеге тұтылғандар да, қаржылық сауатсыздық салдарынан банктен алған қарызын өтей алмай жүргендер де болды. Қарыз мәселелерімен келген азаматтарға заң аясында тиісті кеңестер беріліп, олардың жағдайларына сәйкес шешімдер ұсынылды.
Құқықтық көмекке жүгінген тағы бір азамат көршісінің заңсыз жолмен өз жерін иемденіп алғанын айтып шағымданды. Шағымданушының айтуынша, көршісі оның жеріне фундамент құйып қойған. Бұл мәселе бойынша заңгерлер оған сотқа арыздану керектігін түсіндірді.
Шара барысында алимент өндіруде қиындықтарға тап болған жалғыз басты ана да көмек сұрады. Оның жағдайы бойынша жеке сот орындаушысы Әділет департаментіне шақыртылып, қажетті көмек көрсетілді.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері халыққа заңдық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында алдағы уақытта да осындай шараларды өткізуге ниетті екендігін атап өтті. Тұрғындар үшін мұндай іс-шаралар өзекті мәселелерді шешуге, халықтың заң тұрғысынан қорғалуына үлкен көмек болары сөзсіз.
Бөлісу