Мәнерлеп сырғанаудан шымкенттік спортшылар екі алтын жүлдеге ие болды

0
1 606

Республикалық жарыс «Мұз сарайында» 23 қазанға дейін жалғаспақ.


Мәнерлеп сырғанаудан шымкенттік спортшылар екі алтын жүлдеге ие болды

Бүгінде Шымкент қаласындағы «Мұз сарайында» мәнерлеп сырғанаудан жастар және жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

19 қазанда басталған ел чемпионатына мегаполистер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкенттен және Атырау, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда облыстарынан 150-ден астам спортшы бақ сынауда. Оның ішінде Шымкенттен 23 мәнерлеп сырғанаушы бар.
Байрақты бәсекеде алғашқы жеңімпаздар да анықталды. 1 жасөспірімдер разряды бойынша Цой Клим мен Зябрев Егор алтыннан алқа тақса, осы разряд бойынша Алексеевна Ангелина қола жүлдегер атанды.
Республикалық жарыс «Мұз сарайында» 23 қазанға дейін жалғаспақ.