​Минскте Шымкент қаласының күндері өтеді

0
2 836

Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстандық әдебиет пен мәдениет» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.


​Минскте Шымкент қаласының күндері өтеді

18-21 ақпан аралығында Беларусьтың Минск қаласында «Книга объединяет людей и страны» XXVIII Минск Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған іс-шараға қатысатын қазақстандық делегация құрамына Шымкент қаласының кітапхана өкілдері кірді. Кітап көрмесіне Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қатысады деп жоспарлануда.

Көрмедегі қазақстандық павильонның ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Сонымен қатар, көрме барысында Шымкент қаласының күнін өткізу жоспарлануда, онда шаһарымыздағы авторлардың кітаптарына шолу жүргізіледі.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстандық әдебиет пен мәдениет» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Шымкенттік авторлардың кітаптары орталыққа сыйға беріледі.