Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «StroyGazCompany» ЖШС.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шаһар басшысы алдымен №3 автоматты газ-реттегіш станциясының (АГРС-3) құрылыс барысымен танысты. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «StroyGazCompany» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 9,3 млрд теңге.
Жалпы газ құбырының ұзындығы – 59,0 шақырым. Бүгінде АГРС-3 нысанының техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары 96 пайызға орындалды.
Қала әкімі бұл жобаның маңыздылығын, қала тұрғындарына керектігін және қала дамуына әсерін тағы бір түсіндіріп өтті.