Мұрат Әйтенов ирригациялық жүйелердің құрылыс барысын тексерді

0
585

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті.


Мұрат Әйтенов ирригациялық жүйелердің құрылыс барысын тексерді

Бүгін Шымшаһар басшысы Мұрат Әйтенов қалаға шалғай орналасқан елді мекендердің жаңадан орнатылып жатқан ирригациялық жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соның бірі - Еңбекші аудан аумағына қарайтын Маятас тұрғын алабы. Қазіргі таңда Қ.Нысанбайұлы көшесі бойына ирригациялық науалар орнатылуда.

Жалпы Еңбекші ауданы бойынша Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағын ауданында 1,6 шқ құрайтын арықтар қазылуда. Екі ай бұрын басталған жұмыс қазан айында аяқталады.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын талап етті.

Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз және мол жауын-шашын жауғанда дайын болу үшін аумақтағы арыз-атыздар салынып бітуі керек”, - деді қала әкімі.

Былтыр аудан аумағында 13 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ал биыл жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеген. Су басуды алдын-алу үшін бірінші кезекте 7,3 шақырым құрайтын 21 нысанға ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Бүгінге дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шақырым болатын арықтар орнатылып, бітуге жақын. Олар Қарабастау тұрғын алабы, Бойыт ата, Қаратөбе тұрғын алабы, Гулабад, Қаратөбе тұрғын алабы, Наурыз, Тоғыс тұрғын алабы, Керуенсарай, Бадам-1 тұрғын алабы, Досметов, Ш.Уалиханов №190, Қызғалдақ, Теріскей №47, Сайрам №38а, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол.

Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйелер 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

Айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы 31 мекенжайға ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде