Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын тексерді

0
453

Құрылыс нысандарын тексеру барысында бірқатар ойын алаңшаларын аралады.


Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын тексерді

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын тексеру барысында бірқатар ойын алаңшаларын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Ә. Молдағұлова № 44 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы салынып жатқан балалар ойын алаңшаларын аралады.

Ол жерге қауіпсіз ойын элементтері орнатылуда. Шілде айында пайдалануға беріледі.

Жалпы Абай ауданында да бұл жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Толық аяқталғаннан кейін тұрғындарға пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, биыл аудандағы Республика 34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынуда. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер мекеме нысанды 1 ай көлемінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді.

Сонымен қоса, Ақжайық шағын ауданында да 10 балалар ойын алаңшасы салынып жатыр. Жалпы Ақжайықта қазір 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Үйлердің басым бөлігі жеке сектор, 35-і көпқабатты үй. Бүгінде елді мекенде 3 мектеп пен 12 балабақша бар. Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған. Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.

Өткен жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарлануда.