Форумға қатысушылар жиын соңында қала жұртшылығына арнап Үндеу қабылдады.
Бүгін Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінде «Отан – отбасыдан басталады» атты аймақтық форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып сөз сөйледі.
Басқосуда ардагерлер, дін қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен медиация саласының қызметкерлері отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы институтын нығайту және ажырасулардың алдын алу мәселелерін талқыға салды.
– Бүгінгі жиынның тақырыбы шын мәнінде айрықша мәнге ие. Себебі, әрбір отбасының тіршілігі баянды, іргесі берік болып тұрса, бұл мемлекеттің де еңсесінің тік, шаңырағының биік болуына себепші екені аян. Сол себепті отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы институтын нығайту бағытында қолға алынған осындай әрбір іс-шара – мемлекеттік маңызға ие деп айтуға толық негіз бар, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Форумға қатысушылар жиын соңында қала жұртшылығына арнап Үндеу қабылдады.