Фестиваль аясында 16 бағыт бойынша робототехникадан ашық чемпионат өтті.
Шымкенттік оқушылар "RoboLand-2022" VII халықаралық робототехникалық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
4-5 қараша аралығында Қарағанды қаласында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді дәріптеу мақсатында "RoboLand-2022" VII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық фестивалі өтті.
Аталған фестиваль аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №80 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары “Шығармашылық бағыт” бойынша І орынды еншілеп қайтты.