Жоба аясында қала тұрғындарына заманауи технологиялар арқылы интернетке қосылу мүмкіндігі ұсынылып, байланыс сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар қолға алынды.
Шымкент қаласында интернет байланысын жетілдіру және тұрғындардың жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділігін арттыру мақсатында «Сапа+» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жоба аясында қала тұрғындарына заманауи технологиялар арқылы интернетке қосылу мүмкіндігі ұсынылып, байланыс сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар қолға алынды. Жуырда Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы мен «Қазақтелеком» АҚ өкілдері Иляева көшесіндегі №37 үйге барып, бір тұрғынды жаңа модеммен қамтамасыз етті.
«Сапа+» жобасы — тұрғындарға заманауи байланыс мүмкіндіктерін ұсыну және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Бұл бастама қалалықтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, цифрландыру үдерісін жеделдетуге бағытталған. Жобаның арқасында халыққа қашықтан жұмыс істеу, онлайн білім алу, денсаулық сақтау және өзге де маңызды қызметтерге ыңғайлы әрі үздіксіз қолжетімділік қамтамасыз етілмек.