«Шымқала кештері»: ​Шымкенттік тұрғындар үшін мәдени іс-шаралар жалғасуда

0
268

«Қазақстан-Түркия достығы» саябағы мен Асар мөлтек ауданда өткен концертте «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері эстрадалық әндер орындап, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


«Шымқала кештері»: ​Шымкенттік тұрғындар үшін мәдени іс-шаралар жалғасуда

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымқала кештері» атты мәдени шаралар циклын жалғастыруда.

Бұл шараның мақсаты – қала тұрғындарына жаз мезгілінде мәдени демалысты тиімді ұйымдастыру.

24 тамыз күні қаланың төрт түрлі алаңында – «Арбат», «Шымсити» саябағы және Сайрам тұрғын алабындағы «Наурыз» саябағы мен «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында кезекті концерттік бағдарламалар өтті.
Шымсити саябағында өткен концертте қала тұрғындары Опера және балет театрының қойылымдарын тамашалады. Бұл кеште жоғары кәсіби деңгейде дайындалған музыкалық қойылымдар көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Бәйдібек би даңғылындағы «Наурыз» алаңында өткен концертте «Шымкент – Цирк» эстрадалық оркестрі өнер көрсетті. Оркестрдің көркемдік бағдарламасы кештің сәнін келтіріп, тыңдармандарға ерекше эмоциялар сыйлады.
Сонымен қатар, «Қазақстан-Түркия достығы» саябағы мен Асар мөлтек ауданда өткен концертте «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері эстрадалық әндер орындап, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Естеріңізге сала кетейік, «Шымқала кештері» 27 шілдеден бастап ұйымдастырылып келеді және бұл шараның қаладағы бесінші кезеңі болып табылады. Әр сенбі сайын өтетін концерттік бағдарламалар жаз мезгіліндегі мәдени демалысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін саябақтар мен гүлзарларда ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар тамыздың керемет кештерінде қала тұрғындарына қуаныш сыйлауда.
Бөлісу