Жаңа эксперименттік цирк бағдарламасы Наурыз мерекесі қарсаңында көрермендерге жол тартады.
«Шымкент-цирк» 2021 жылды Қазақстанда цирк нөмірлерінде аңдарды пайдаланудан бас тартуға бағытталған бірегей эксперименталдық жобасымен бастайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Мекеме биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. «Шымкент-цирк» МКҚК директорының міндетін атқарушысы Нұрлан Әділхановтың айтуынша, өнер ұжымы 2021 жылды аңдарды пайдаланудан бас тартуға бағытталған «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасымен бастайды. Ендігі кезекте клоунада және шапито, джигитовка, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнасттары секілді бағыттар дамыйды.
Жаңа эксперименттік цирк бағдарламасы Наурыз мерекесі қарсаңында көрермендерге жол тартады.
– Наурыз мерекесіне үлкен бағдарлама дайындап жатырмыз. Цирк өнерін жаңғырту, түрлі тәжірибелерді енгізуде бірқатар жоспарларымыз бар. Күніне 10-20 адамнан дайындық жүргізілуде. Жалпы мерекеге дайын болуымыз керек, – дейді Н. Әділханов.