ШЫМКЕНТ: №10 колледждің жаңа корпусы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

0
604

Нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған.


ШЫМКЕНТ: №10 колледждің жаңа корпусы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты №10 колледжінің жаңа оқу корпусы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылысы барысын тексеріп, сапаға мән берді.

Аталған нысанның құрылыс жұмыстарының мерзімнен кешеуілдеуіне байланысты жауапты мердігерге бірнеше ескертулер беріліп, айыппұлдар салынған. Қазіргі таңда ескертілген кемшіліктер ретке келтіріліп, жұмыстар жалғасын табуда. Осы күнге дейін құрылыстың 85%-ы атқарылды.
Жаңа ғимаратта 300 орындық оқу корпусы, 200 орындық асхана, 200 орындық АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған.
Нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған. Жоспарға сәйкес жаңа корпус жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.