​ШЫМКЕНТ: 560 жалғызілікті ардагерге үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетіледі

0
201

Жылына 7000 зейнеткерді шипажайда сауықтыру емін қабылдауына жағдай жасалған.


​ШЫМКЕНТ: 560 жалғызілікті ардагерге үй жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсетіледі

Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қарттарды әлеуметтендіру бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Шымкентте қазір 93 407 зейнеткер бар. Оның 2-і ҰОС ардагері, 1767-і тыл еңбеккері. Зейнет жасындағы ардагерлердің санаторлық-курорттық сауықтырумен қамту үшін қалалық мәслихаттың шешімімен жыл сайын 5 000 жолдама беріледі. Басқармаға қарасты 70 орынға арналған «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешені ашылғаннан кейін 2000 зейнеткерді сауықтыру шипажайымен қамту мүмкіндігі туды. Осылайша жылына 7000 зейнеткерді шипажайда сауықтыру емін қабылдауына жағдай жасалды.
Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында 4 шипажаймен келісім-шарт түзілді. Олар «Ақсу демі» шипажайы, «Айша-Бибі» шипажайы, «Күлпаршын» және қала ішіндегі «Денсаулық» шипажайлары. Аталған шипажайларға 7 айдың қорытындысымен 2 355 жолдама берілді. Ал, «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінде 1 170 зейнеткер сауықтыру емін алды.
№10 әлеуметтік қызметтер көрсту орталығында I,II топтағы мүгедектер және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын қарттарға стационарлық қызметтер көрсетеді. Орталықтың сыйымдылығы – 70 төсек орын. Қазіргі онда орталықта 61 қарт қызмет алуда.
№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында қызметтер көрсету орталығындағы 73 әлеуметтік қызметкер 560 жалғызілікті қартқа аптасына екі рет үйіне барып қызмет көрсетеді.
«Белсенді Ұзақ өмір орталығы» мекемесінің қалада 4 бөлімшені жұмыс істейді. Мұнда күніне екі ауысыммен 560 зейнеткер қызмет алып отыр.
Бөлісу