ШЫМКЕНТ: №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусы келесі жылы пайдалануға беріледі

0
641

Қазірге дейін құрылыстың 30%-ы атқарылды.


ШЫМКЕНТ: №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусы келесі жылы пайдалануға беріледі

Шымкент қаласының “Сайрам” ықшамауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусының құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһар басшысы М.Әйтенов нысанның жұмыс сапасын тексеріп, тапсырмалардың орындалу барысын қадағалады.
Құрылысы биыл, наурыз айында басталған жаңа оқу корпусы 600 оқушыға шақталған, қосымша екі блоктан тұрады.
Футбол алаңшасы мен жүгіру жолы қарастырылып, инженерлік жүйемен толықтай қамтылатын болады.
Қазірге дейін құрылыстың 30%-ы атқарылды. Жоспар бойынша жұмыстар келесі жылы 100% аяқталып, пайдалануға берілмек.
"Нысандардың сапасы маңызды. Бұл нысанда балалар білім алады, оқиды. Балалар үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз”, - деді әкім ғимаратты аралау барысында.